Семинар барысында БАҚ өкілдері арқылы мұғалімдерге, ата-аналарға және жалпы облыс тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейтілген көлемде жүргізу ұсынылды
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде «АПВ-ға қарсы вакцинация» тақырыбында арнайы дайындалған баннерлер, ақпараттық стендтар мен парақшалары медицина ұйымдарына таратылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл санитарлық-ағарту ақпараттар жиынтығын медицина қызметкерлері әртүрлі жас топтарына: ата-аналар, мұғалімдер, жастар, сондай-ақ БАҚ өкілдері арасында белсенді және көрнекі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланатын болады.
Сондай-ақ Түркістан облысының санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаменті және Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, медицина қызметкерлері, аудан, қалалық СЭББ мамандары және Білім беру нысандарының басшыларына «ZOOM» арқылы «АПВ-ға қарсы вакцинация» тақырыбында семинар өткізіп, алдағы маңызды іс-шаралар бойынша тапсырмалар берілді.
Семинар барысында БАҚ өкілдері арқылы мұғалімдерге, ата-аналарға және жалпы облыс тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейтілген көлемде жүргізу ұсынылды.