×

Қызылша ауруының алдын алу жолдары айтылды

Қызылша – дене қызуының жоғарылауы, жөтел, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы және бөртпемен сипатталатын вирустық табиғатты жіті жұқпалы ауру

Қызылша ауруының алдын алу жолдары айтылды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызылша ауруына қатысты түсіндірме жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қызылша – дене қызуының жоғарылауы, жөтел, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы және бөртпемен сипатталатын вирустық табиғатты жіті жұқпалы ауру.

Қызылшаның симптомдары: Алғашқы белгілері: жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы, жарықтан қорқу, көздің қызаруы, жас ағу (конъюнктивит), жөтел.

Негізгі белгілері: бастан бастап, одан кейін дененің төменгі бөлігіне және аяққа дейін түсіп таралатын, бүкіл денеге бөртпе шығу; ауыз қуысындағы ақ (ұнтақ жарманың жиналуы сияқты) және қызыл дақтар. 

Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және ауыр қосымша аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ. Қызылшадан жалғыз тиімді қорғау вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. 

Қызылшаға қарсы вакцинациялау үшін қызамық және паротитті компоненттермен біріктірілген (ҚҚП) қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады. Елімізде ҚҚП-ның жеткілікті көлемі бар.

Осыған орай Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халыққа арналған ұсыныстар; ата-аналарға өз баласының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация болмаған жағдайда қызылшаға қарсы профилактикалық егуді алуды ұсынды.

Сондай-ақ: 

- қызылшаға қарсы әр түрлі себептермен егілмеген балалардың ата-аналарына әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу;
- катаралды құбылыстармен (дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, әлсіздік) аурудың алғашқы белгілері және бөртпе пайда болған кезде дәрігерге қаралу, қызылша ауруына тексеруден өту және оның барлық нұсқауларын орындау.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты
Кеше, 18:16

Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты

Электрокарды заңды тасымалдау екі-үш жылдың еншісіндегі мәселе
Депутаттың сөзінше, бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ
Атом электр станциясын салудың экономикалық аспектілері жан-жақты түсіндірілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →