×

Мақтаарал аудандық ауруханасы жалған жазбаны анықтаудың нұсқаулығын ұсынды

2024 жылдың басынан бері ӘМСҚ шамамен 195 млн теңге сомасына нақты көрсетілмеген 440 қызметті анықтады

Мақтаарал аудандық ауруханасы жалған жазбаны анықтаудың нұсқаулығын ұсынды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы«Атакент» Мақтаарал аудандық ауруханасы медициналық қызметтерінің ішінен «жалған жазбаны» аңықтасаңыз, не істеу керектігін көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2024 жылдың басынан бері ӘМСҚ шамамен 195 млн теңге сомасына нақты көрсетілмеген 440 қызметті анықтады. Бұл жағдайлар медициналық ұйымдардан айыппұл санкцияларын қолдана отырып анықталды және төлемнен алынды.

Егер сіз қабылдауына бармасаңыз да, дәрігерге жазылып тұрсаңыз не істеу керек?

Егер азаматтар көрсетілмеген медициналық қызметті анықтаса, Қорға жүгіну керек. Бұл бейінді маманның қабылдауы, диагностикалық қызметтерді алу немесе ауруханаға жолдама болуы мүмкін. Қорға жолданған өтініштің барлығы міндетті түрде қаралады.Медициналық ұйымдарды жалған жазбалар фактілеріне тексеру қалай жүзеге асырылады?

ӘМСҚ қаржы операторы ретінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінде халыққа көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеуді жүргізеді.

Қор жеткізушілері халыққа пакеттер бойынша көрсеткен медициналық қызметтерге ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізіледі. Яғни, медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен ережелерін, сондай-ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, іс жүзінде көрсетілген медициналық қызметтерге ғана ақы төленеді.

«Жалған жазбаларды» азаматтардың өтініштері бойынша анықтауға болады, содан кейін өтініште көрсетілген фактілер бойынша медициналық көмектің сапасы мен көлеміне жоспардан тыс мониторинг ашылады. Сарапшылар жеткізушілердің медициналық ақпараттық жүйесінде және Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізеді. Нәтижесінде медициналық көмек көрсету барысындағы кемшіліктер анықталады.

Жалған жазбамен айналысатын медициналық ұйымдарға қандай жаза қолданылады?

Қор өз құзыреті шеңберінде нақты көрсетілмеген қызметтерді анықтаған кезде медициналық ұйымдарға қатысты экономикалық ықпал ету шараларын, яғни айыппұл санкцияларын қолдана алады. Осындай фактілер үшін Қор медициналық ұйымнан расталмаған қызмет құнының 300% шешіп алады. Бұл қаражат басым бағыттар бойынша медициналық көмекті кейіннен қаржыландыруға жіберіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды
Бүгін, 14:43

Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды

Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →