×

Келес ауданының дәрігерлері ес-түссіз жатқан адамға алғашқы көмек туралы айтты

Жүректік-өкпелік реанимацияны (ЖӨР) базалық ЖӨР және маманданған ЖӨР деп екі үлкен кезеңге бөлуге болады

Келес ауданының дәрігерлері ес-түссіз жатқан адамға алғашқы көмек туралы айтты

Түркістан облысы Келес аудандық Абай аурханасы ес-түссіз жатқан адамға медицина қызметкерлері жеткенше, қай жерде орын алса да, әр-бір адам ең алғашқы көмек көрсетуді қалай менгеру керектігін көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қандай лауазым иесі болсын, медициналық білімі жоқ мамандарда жүрек өкпе реанимациясын меңгеру қажет. Осы мақсатта жан сақтау бөлімі меңгерушісі Б. Қалмұратов жүректік-өпелік реанимациясын жасап көрсетті. Семинар сабаққа медицина қызметкерлері, кіші қызметкерлерде қатыстырылды.

Жүректік-өкпелік реанимацияны (ЖӨР) базалық ЖӨР және маманданған ЖӨР деп екі үлкен кезеңге бөлуге болады.

ЖӨР-ны өткізуге көрсеткіштер: қан айналысының тоқтауы және тыныс алудың тоқтауы, агония алды, агоналдық жай-күй, клиникалық өлім. Реанимациялық шараларды қолданудан бас тарту немесе оларды тоқтату тек биологиялық өлім нақтыланғанда немесе бұл шараларды мүлдем болашағы жоқ деп танығанда ғана жүзеге асыруға болады.

Биологиялық өлімнің ерте белгілеріне «мысық көзі» симптомы, көздің қасаң қабығының кебуі мен көмескіленуі жатқызылады. Кеш белгілер – мәйіт дақтары мен мәйіттің сіресуі. Мидағы қайтымсыз өзгерістердің қан айналысы тоқтаған сәттен бастап 3-4 мин өткен соң пайда болатынын есте ұстау қажет.

 Сондықтан реанимациялық шаралардың ерте басталуының мәні өте зор.

Базалық ЖӨР өз бойына үш кезеңді (АВС) жинақтайды:

- Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету (A - Airway);

- Жасанды тыныс алуды өткізу B – Breathing;

- Жүректің жанама массажын өткізу C- Circulation.

Мұнда ересек адамдар кенеттен дүниеден өткендегі әрекеттің әмбебап алгоритмі болады.

Негізгі реанимациялық шаралар (базалық ӨЖР):

- жапа шегушінің есінің (санасының) жоқ екеніне көз жеткізу;

- тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру;

- тыныс алуын тексеру;

- өкпені жасанды желдетудің (ӨЖЖ) 2-5-тен тыныс беруін орындау (қажетінше);

- қан айналысының болуын тексеру;

- жүректің жанама массажын, дефибрилляторды/мониторды қосу. Жүрек ырғағын бақылау.

Жүрек қарыншаларының фибрилляциялары немесе тамыр соғысының тахикардия жағдайында:

- дефибрилляцияға талпыныс жасау (3-ке дейін талпыныс).

- ЖӨР-ны 1 минут бойына қалпына келтіру және қайтадан ырғақты бағалау.

- дефибрилляция талпынысын қайталау.

- ықпал болмағанда маманданған ЖӨР-ны бастау.

Сонымен А кезеңінде жапа шегушіні шалқасынан қатты тегіс жерге жатқызады. Аузынан бөгде заттарды саусаққа орамал байлап алады. Одан соң Сафардың үштік амалын орындайды: басын шалқайтады, астыңғы жақты алға шығарады және ауызын сәл ашады.

В кезеңінде арнайы жабдық болмағанда «ауызбен ауызға» тыныс алдыру ықпалды.

С кезеңінде жапа шегушінің өкпесіне 2-3 рет ауаны қарқынды үрлеп, кардиалды алды соққы жасайды. Бұл жүректің қайта «жұмыс істеп кетуіне» жеткілікті. Одан соң кеуде клеткасын минутына 100, 4-5 см тереңдікте компрессиялық қысуды бастау қажет. Компрессияның тыныс алуға қатынасының 30:2 болғаны жөн (яғни 30 компрессиядан соң 2 үрлеу).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →