×

Түркістанда аутизм және психикалық ауытқулары бар балаларға арналған жаңа орталық ашылады

Бүгінде балалардың ой өрісі мен сөйлеуінің тежелуі қазіргі кезде өте көп орын алып жатқан мәселе

Түркістанда аутизм және психикалық ауытқулары бар балаларға арналған жаңа орталық ашылады

Түркістанда аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға түрлі қызмет көрсететін орталықтар саны артып келеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жуырда Түркістан қаласында ерекше балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы ашылады. Нысанның құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталып, қазан айында қолданысқа беріледі жоспарлануда. Жоспарлы төсек орын саны – 110 орындық. Негізгі бағыты – 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі аутизм және басқа да психикалық ауытқулары бар, мүгедектігі бар балаларға түрлі бейінді мамандардың қызметтерін көрсету. Оның қатарында АВА-терапия, сенсорлық интеграция, балама коммуникация, эрготерапия, кинезиотерапия бар. 

Бүгінде балалардың ой өрісі мен сөйлеуінің тежелуі қазіргі кезде өте көп орын алып жатқан мәселе. Кей балаларда жеңіл түрі болса, кейбірінде ауыр деңгейде кездесіп жатады. Сонымен қатар қазіргі таңда балаларда аутизм ауруы жиі кездеседі. Қазіргі дамыған заманның түрлі гаджеттерді балалардың қолдануы ауру тудырушы негізгі себептерге жатады. Өкінше орай, қазіргі таңда ана мен баланың байланысы нашар. Аутизмның себеп болуына әсер ететін келесі мәселе ата ананың салауатты өмір салтын ұстанбауы. Баланың денінің сау болып туылуына ана да әке де жауапты. Қазіргі таңда балаларда кездесетін аурулардың алдын алу үшін ата-ана жауапкершілікті бірдей сезініуі тиіс. Сау баланың дүниеге келуі анаға ғана байланысты емес. Әкенің де үлесі бар. Бала жоспарлағанда бойларындағы зиянды әдеттерінен арылып, салауатты өмір салтын ұстануы керек. Ана жүкті болған күннен бастап зиянды әдеттерінен арылуы керек. Дәрігерге уақытылы тексеріліп, ағзасын қажетті витаминдерді  уақтылы қабылдап отыруы керек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →