×

Илья Ильин ішімдікке салынды деген Алмас Өтешовті бес айға ауруханға жатқызды

Алмас Өтешевтің өзі «100 теңгең болғанша, 100 досың болсын» деп бекер айтпаған дейді.

Илья Ильин ішімдікке салынды деген Алмас Өтешовті бес айға ауруханға жатқызды
Видеодан скриншоттар

Ауыр атлетикадан әлемнің 4 дүркін чемпионы Илья Ильин бір командада өнер көрсеткен жерлес досы Алмас Өтешовке көмектесіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Уәде еткенімдей, мен  Алмастың жағдайын айтып отырмын. Қазір оның жағдайы жақсы. Алмас Астанадағы  оңалту орталығында ем қабылдап жатыр. Ендеше, сауығып кететін осы қиын жолда оған күш-қуат тілейік. Алмас досым клиникада 5 ай ем алады. Оның емделу жолы оңай болмайды. Бірақ біз дайынбыз. Федерация осындағы емін толық қаржыландырып жатыр. Осы оқиғадан басымызды тік көтеріп, жеңіспен шығайық», - дейді Илья Ильин.

Алмас Өтешевтің өзі «100 теңгең болғанша, 100 досың болсын» деп бекер айтпаған, дейді.

«Илья досым келді. Мені емдеп жатыр. Жан дос деген осындай болуы керек, жігіттер. Осындай достарың көп болсын. Жаман нәрсеге жоламайық. Адал жолмен жүрейік. Адал жолмен нан табайық. Аман болайық. Илья Ильин сияқты Олимпиада чемпиондары көбейе берсін. Қазақтың батырлары көп болсын», - дейді Алмас Өтешев.

Айта кетейік, Ильин бұған дейін әріптесінің соңғы он жылда ішімдікке әуес болғанын жеткізген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →