×

Қазақстанда МӘМС жарнасы көтерілуі мүмкін

Мәселені Денсаулық сақтау министрлігі қарауға алған

Қазақстанда МӘМС жарнасы көтерілуі мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда жоғары айлық алатын тұрғындар МӘМС-ке көбірек жарна төлеуі мүмкін. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оған журналистер МӘМС жарнасына байлнысты сұрақ қойды.

«Қазір МӘМС-ке аударылатын жарна қазақстандықтардың табысының 2 пайызынан алынады. Бұл талап айлығы 850 мың теңгеден асатын тұрғындарға жүрмейді. Себебі, 850 мың теңгеден артылған сомадан МӘМС жарнасы алынбайды. Елімізде еңбек өтілі жоғары министрлер мен әкімдердің жалақысы 1,2 млн теңгеден асатынын білеміз. Демек олар МӘМС жарнасына осы 1,2 млн теңгенің 2 пайызын емес, 850 мың теңгенің 2 пайызынан ғана төлейді. Бұл әділетсіздік емес пе?» - деді журналист.

Әбілқайыр Сқақов аталған мәселені Денсаулық сақтау министрлігі қарауға алғанын атап өтті.

«Сіздің айтқаныңыз рас. Қазақстандықтың айлығы 850 мың теңгеден асса, МӘМС жарнасы артық алынбайды. Бүгінде ДСМ осы мәселені қарастырып жатыр. Министрлік тарапынан ұсыныс бар. Қорымыз да өз есептерін берді. Болашақта басқа мемлекеттік органдар қолдайтын болса, заңнамаға өзгеріс енгізу бастамасы ұсыныс ретінде енгізіледі», - деді ол.

Төраға 850 мың теңге болатын шекті 4,5 млн теңгеге дейін көтеру ұсынылып отырғанын айтты.

«Қазір шекті мөлшер 10 минималды айлық болса, оны ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшеріне дейін көтеру ұсынылып отыр. Демек 850 мың теңгеден 4,5 млн теңгеге дейін көтеру мәселесі қарастырылып жатыр», - деді Әбілқайыр Сқақов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →