Қазіргі таңда, демеуші тарапынан мердігермен келісім шартқа тұру бойынша ресми келісім күтілуде
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев Түркістан облысындағы ірі медициналық жобалармен таныстырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сарыағаш қаласында перинаталды орталығы бар медициналық кешеннің жобалау жұмысы басталды. Осыған орай Сарыағаш қаласынан 10,5 га. жер телімі бөлініп, перинаталдық орталық құрылысының жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тапсырыс беруші – Түркістан облысының құрылыс басқармасы мен жобалаушы мердігер «Engineering center LTD» ЖШС арасында кесілім шарт түзілген. Жобалау құны – 70 млн теңге.
Айта кетейік, жобаның ЖСҚ-сын мемлекеттік сараптамадан өткізу 2024 жылдың қараша айына жоспарлануда. Ал жобаның болжамды құны – 66 млрд теңге.
Ал Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында 200 төсек орындық заманауи перинаталдық орталықтың құрылысына Темірлан ауылында 8 га. жер телімі бөлінді. Тапсырыс беруші – Түркістан облысының құрылыс басқармасы мен жобалаушы мердігер «Центрально Азиатская проектно-строительная компания» ЖШС арасында келісім шарт жасалды. Жобалау құны – 220 млн теңге. Ал жобаның болжамды құны - 35 млрд теңге болмақ.
“Түркістан қаласында жоғары мәртебелі шейх Мұхаммед Бен Заид Аль Нахаян атындағы 80 орындық перзентхана салынбақ. Қазірге дейін Біріккен Араб Әмірліктерімен келіссөздер жүргізілді. 80 орындық перзентхана құрылысының жобасына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Нысан құрылысына тапсырыс беруші «Түркістан әлеуметтік корпоративтік даму қоры», демеушісі Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қоры. Жоба бойынша конкурс жүргізіліп, қорытындысында мердігер «Эристайл-Казахстан» ЖШС жеңімпаз болып анықталып, екі жақты келісімнің шарттары бойынша демеушіге конкурстың қорытындысымен ақпараттандырылды”, - дейді Асхан Байдуәлиев.
Қазіргі таңда, демеуші тарапынан мердігермен келісім шартқа тұру бойынша ресми келісім күтілуде. Жобаның құны - 9,6 млрд теңге.
Осыған қоса Түркістан қаласындағы 210 төсек орындық облыстық балалар аураханасының құралысының жобасы да әзірленуде. Жобаның ЖСҚ-сын мемлекеттік сараптамадан өткізу 2024 жылдың қазан айына жоспарлануда. Жобаның болжамды құны - 34 млрд.теңге.
Ал Мақтаарал ауданында 210 төсек-орындық аудандық аурухана құрылысы бойынша меморандум жасалып, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жобаның ЖСҚ-сын мемлекеттік сараптамадан өткізу 2024 жылдың қараша айына жоспарлануда. Жобаның құны 35 млрд теңге деп болжанып отыр.