×

Түркістан облысындағы дәрігерлерге үй алуға жеңілдетілген несие беріледі

2024 жылы Түркістан облысында 34 дәрігер біліктілігін шетелде арттырды

Түркістан облысындағы дәрігерлерге үй алуға жеңілдетілген несие беріледі
Фото: ашық дереккөзден

Былтыр аймақтағы 43 дәрігер Ресей мен Түркияға оқуға барса, биыл 34 дәрігер біліктілік арттыру курстарына аттанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің мәліметінше, 2023 жылы  ел ішінде медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бөлінген қаражатты мемлекеттік сатып алу конкурсы 2 рет өтпеуі себебінен қаржыны шетелде оқытуға бағытталды. 

Нәтижесінде 43 дәрігер (неонатолог, анестезиолог-реаниматолог,акушер-гинекологтар, балалар кардиохирургы мен балалар травматологы) біліктілігін шетелде арттырды. Яғни Мәскеуде 30 дәрігер, Санкт-Петербургте 6 дәрігер, ал Стамбулда 7 дәрігер оқып келді.

Ал 2024 жылы Түркістан облысында 34 дәрігер (неонатолог, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинекологтар, балалар травматологы, урология және кардиология) біліктілігін шетелде арттырды. Жалпы 34 дәрігер Ресейдің Санкт-Петербург қаласында оқып келді. 

Емдеудің замануи тәсілдері мен түрлерін меңгеру озық технологияларды игеру дәрігерлердің шетелдік мамандармен тәжірибе алмасуын қажет етеді. Алайда, жергілікті бюджет есебінен бұл бастаманы қаржылай қолдауға мүмкіндік болмауда. Осы мәселені кезеңмен шешуге ықпал етуіңізді сұраймын, - деді Асхан Байдуәлиев облыс әкіміне.

Қазіргі кезде аймақта аса тапшы мамандықтағы дәрігерлерге әлеуметтік шара көлемі ең төмен жалақының  100 еселенген мөлшерінде біржолғы ақшалай төлеміне тең болды. Мәселен биылғы қаржылай көмек 8,5 млн теңге болды. 

Сондай-ақ, аудан әкімдіктері тарапынан тұрғын үй-жайларымен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған 2023 жылы жалпы 109 маманға тұрғын үй алу мақсатында жеңілдетілген несие берілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда визаның тағы бір түрі іске қосылды
Бүгін, 18:04

Қазақстанда визаның тағы бір түрі іске қосылды

Digital Nomad Visa – Қазақстанды цифрлық көшпенділер үшін халықаралық орталыққа айналдыруға бағытталған маңызды қадам
Биыл жұмыс істейтін алматылық жастар үшін 2100 жалдамалы пәтер берілді
Бұл ұйым елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, “шариғат” нормаларын енгізбек болған  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →