×

Лейшманиоз қалай жұғады

Жасөспірімдер мен ересектерде клиникалық белгілері біртіндеп көрініп, дене қызуы баяу көтеріліп, анемия белгілерімен өтеді

Лейшманиоз қалай жұғады
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Созақ аудандық орталық ауруханасында лейшманиозге қарсы ашық есік күні  өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Созақ аудандық орталық ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Меруерт Танатарованың сөзінше, лейшманиоз қан соратын індеместер арқылы тарайтын зоонозды тропикалық паразиттік инфекциялық ауру. Инфекцияның көзі – құм тышқандары мен атжалмандар, ал оны таратушылар – індеместер. Лейшманиоз ауруы адамнан адамға жұқпайды. Індеместер дененің көбінісе ашық жерін зақымдауына орай балалардың беттерінде, қолдарында 1-3 папула шығып бастайды. Дене қызуы күрт жоғарылап 38-39 ᵒС-қа дейін көтеріледі, интоксикация белгілері үдейді, бауыры мен көк бауыры үлкейеді. Көбінесе қосымша аурулар қосылып жағдайды нашарлатады. Жасөспірімдер мен ересектерде клиникалық белгілері біртіндеп көрініп, дене қызуы баяу көтеріліп, анемия белгілерімен өтеді. 

«Індеттің алдын алу іс-шаралары табиғи ошақтарда мұқият жүргізілуі қажет. Негізгі алдын-алу шаралары кезінде терезелерді маса өтпейтін тормен қаптау, арнайы қорғаныш киімдерін кию қажет. Одан бөлек, үй жануарлары мен ауру тасымалдаушы малмен күресу қажет. Сонымен қатар, қалалар мен тұрғын үй жертөлелері, кәріздердің тазалығы, қоқыс шығаруды  уақтылы ұйымдастыру қажет. Әрбір отбасы індеместерді жою үшін дезинсекциялық іс-шараларды уақытылы жүргізіп, эндемиялық аудандарға барғанда жабық киім киіп, репелленттерді колдану керек. Осы факторлардың жиынтығы адамдар арасында лейшманиозбен ғана емес, сонымен қатар қауіпті және өзекті емес басқа да көптеген аурумен сырқаттанушылықты күрт төмендетуге мүмкіндік береді», - дейді Созақ аудандық орталық ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Меруерт Танатарова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды
Бүгін, 14:43

Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды

Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →