×

Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация тегін салдыра аласыз

Адам папиллома вирусы – теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы

Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация тегін салдыра аласыз
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Созақ аудандық орталық ауруханасында аудан тұрғындарына адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялаудың маңызы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Созақ аудандық орталық ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Меруерт Танатарованың сөзінше, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарды АПВ жоғары онкогенді түрлеріне қарсы 4 валентті вакцинамен егу жоспарлануда. АПВ вакцинасы 6 айлық аралық пен екі рет егіледі. АПВ-ға қарсы 2 валентті вакцина 16, 18 типті  антигендерінен және 4 валентті вакцина 6, 11, 16, 18 типті антигендерінен тұрады. Қолданыстағы вакциналардың тиімділігі өте жоғары. Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді, екпе ата-аналардың ақпараттық келісімімен, тегін жүргізілетін болады.

«Адам папиллома вирусы – теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. Вирус жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті өзгеруге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, соның салдарынан қатерлі ісік дамытумен қауіпті. Бүгінгі таңда, АПВ емдеу жолы болмаса да, алдын алудың бірден бір әдісі – бұл вакцинация. Жатыр мойны обырының дамуына әйелдің АПВ инфекциясын жұқтыру себеп болатыны ғылыми дәлелденген. Адам папиллома вирусына қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы әлемнің 135 елінде қолданылып келеді. Олардың ішінде, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан елдері де бар. АПВ-ға қарсы вакцина мектептерде немесе тіркелген мекенжайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін негізде жасалады. Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі», – деді дәрігер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →