×

АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары

Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары қалалық қоғамдық көліктерде және қала тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді

АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары қалалық қоғамдық көліктерде және қала тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды.

Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының басшысының орынбасары Даурен Рыскелдиевтің сөзінше, АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусын туындатқан иммундық жүйенің ерекше зақымдалуымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына алып келетін созылмалы инфекциялық ауру. Бұл инфекция жыныстық қатынас кезінде, қанды құю кезінде немесе донор болған кезде, түрлі инфекциялар жүргізген кезде және жүктілік және босану кезінде вирустың анадан балаға берілуі мүмкін жағдайларда жұғады.

«Бүгінгі таңда Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы инфекцияның алдын алу мақсатында халық арасында профилактикалық алдын алу жұмыстарын жүргіземіз. Оның ішінде түрлы спорттық іс шаралар, дөңгелек үстелдер, кездесулер және насихат жұмыстары жүргізіліп тұрады. Осы ретте халыққа АИТВ инфекциясының алдын алу шараларын түсіндіріп өтсем. Біріншіден жыныстық қатынас кезінде АИТВ инфекциясының алдын алу өте маңызды. Сонымен қатар, АИТВ-ның парентеральды берілу жолының алдын алу үшін есірткі заттарын пайдаланудан бас тарту керек. Одан бөлек, қан кету кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін резеңке қолғапты қолдану және терінің ашық жерлерін және көздің шырышты қабығын қанның түсуінен қорғау қажет»,- дейді дәрігер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →