×

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жолдары

Бүгінде 29 шілдеден 20 тамыз аралығында екінші кезеңге өңдеу науқаны жүргізілуде

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жолдары
Фото: gov.kz

Түркістан облысындағы есепке енгізілген 111 қолайсыз елді мекендердің аумағында кенеге қарсы дезинфекция және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінде 29 шілдеден 20 тамыз аралығында екінші кезеңге өңдеу науқаны жүргізілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар және туреркулезі эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Қайрат Серіктің сөзінше, кене шаққан жағдайларда және қанында вирусы бар жануарларды сою кезінде де жұғады. Сондай-ақ, науқас адамға күтім жасау кезінде қанмен және ағза денелерімен ластанған медициналық құралдармен байланыс арқылы жұғуы мүмкін. Бұдан бөлек, өңірде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы табиғи ошақты қолайсыз аймақтар қатарына жататынын айтты. Биылғы жылы жалпы көлемі 77 304 845 шаршы метр аумаққа залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмек.

Айта кетсек, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының негізгі белгілеріне теріге қан құйылу, қызыл иек, мұрын, құлақ, жатыр, асқазан-ішек қан кетулері тән және дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда науқастың өміріне қауіп төндіреді. Қазіргі уақытта Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы сенімді және тиімді вакцина жоқ. Әрбір адам өзін кене шағудан қорғау үшін келесі ережелерді сақтауы, атап айтқанда кенелердің киім ішіне, терінің ашық жерлеріне ену мүмкіндігін азайтатындай киіну, тікелей шөпке отырмау және жатпау, табиғат аясынан оралғаннан кейін киімді және денені толықтай қарап шығуы қажет. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы расталған 8 жағдай тіркелгенін жазған едік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды
Бүгін, 14:43

Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды

Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →