×

Түркістан облысында адам папилломасы вирусына вакциналау басталады

Адам папилломасы вирусы – теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы

Түркістан облысында адам папилломасы вирусына вакциналау басталады

Түркістан облысына қарасты, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасында Адам папилломасы вирусы ауруына қарсы вакцинация жүргізілуіне дайындық пысықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазығұрт аудандық орталық ауруханасында «Иммунологиялық дәрілік препараттарды сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға» қойылатын талаптардың сақталуына мониторинг өтті. Жиындағы республикалық жұмысшы топ - құрамында ҚР «Санитарлық-эпидемиялогиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының директоры Қуатбаева Айнагүл Мұқанқызы мен Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мамбетова Мадина Ережеповқызы болып,  алдағы 4 ші тоқсаннан бастап 11 жастағы қыз балаларына аталған вирусқа қарсы вкцина салынатын айтты. Мониторинг барысында аудандағы вакциналарды сақтайтын қойманың, егу пунктінің жұмысымен және Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының адам папилломасы вирусы ауруына қарсы вакцинациялауға дайындық барысында атқарылған жұмыстарымен танысты.

Адам папилломасы вирусы – теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. Вирус жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті өзгеруге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, соның салдарынан қатерлі ісікті дамытуымен қауіпті. Жатыр мойны обырының дамуына әйелдің АПВ инфекциясын жұқтыруы себеп болатыны ғылыми дәлелденген. Статистикаға сүйенсек, жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1 900-ге жуық жаңа жағдайы тіркелді, 600-ден астам әйел бір жылда осы патологиядан көз жұмады. Біздің елімізде жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінге кең таралған обырдың екінші түрі болып саналады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Атом энергетикасы еліміздің тұрақты болашағының бір бөлігі»: Жетісу университетінде дөңгелек үстел өтті
Кеше, 19:16

«Атом энергетикасы еліміздің тұрақты болашағының бір бөлігі»: Жетісу университетінде дөңгелек үстел өтті

Атом электр станциясын салудың экономикалық аспектілері жан-жақты түсіндірілді
Өткен жылдан бастап, кітапхана басшылығы балалар мен жасөспірімдерге арнаған «Интеллектум» мега жобасын қолға алды
Министр Тұран жолбарысы бұрын Қазақстанда өмір сүргенін еске салды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →