2023 жылдың 1 қаңтарынан қылмыстық-атқару жүйесінде ұсталатын адамдарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету функциясы басқармаға жүктелген
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтен көмек сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Емдеудің замануи тәсілдері мен түрлерін меңгеру озық технологияларды игеру дәрігерлердің шетелдік мамандармен тәжірибе алмасуын қажет етеді. Алайда, жергілікті бюджет есебінен бұл бастаманы қаржыландыру мәселесі қолдау таппауда. Дәрігерлер мен орта буын қызметкерлерін шетелде кезеңмен біліктілігін арттыру мақсатында қаржы бөлуге ықпал етуіңізді сұраймын», – дейді Асхан Байдуәлиев.
Оның айтуынша, 2023 жылдың 1 қаңтарынан қылмыстық-атқару жүйесінде ұсталатын адамдарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету функциясы басқармаға жүктелген. Пеницитарлық жүйе мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетудің ерекшелігін ескере отырып, Министрліктің құрылымында бейінді департаменттерді, сондай ақ аймақтардың денсаулық сақтау басқармаларында ҚАЖ мекемелерінде медициналық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі бөлімдерді (ҚАЖ департаменттеріндегі медициналық қамтамасыз ету топтарына ұқсас) құру туралы тапсырмасы берілген.
«Осыған орай , басқармаға ҚАЖ ұсталатын адамдарды медициналық көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қосымша 3 штат бірлігі қажет. Одан бөлек «Түркістан қаласында жоғары мәртебелі шейх Мұхаммед Бен Заид Аль Нахаян атындағы 80 орындық перзентхана құрылысы» жобасы бойынша демеуші Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қоры тарапынан мердігермен келісім шартқа тұруға ресми келісім беруді сұраймын», – деді басқарма басшысы.