×

"Обалы орыс сыныбына берген әке-шешесінде": қазақша білмеген қазақ баласының видеосы өткір реакция туғызды

“Қазақ тілін неге білмейсің?” деген сұраққа жас бала “білмеймін” деп жауап береді

"Обалы орыс сыныбына берген әке-шешесінде": қазақша білмеген қазақ баласының видеосы өткір реакция туғызды
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Африка елінен келген, қазақ тілін білетін азаматтың өз тілін білмейтін баламен әңгімесі талқыға түсті. Желі қолданушылары қазақ тілін білмеген баланың әке-шешесңн кінәлайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көшеде сауалнама жүргізіп жүрген қара нәсілді жігіт жас баланы әңгімеге тартқан. Алайда бала өз тілін білмей мүдірген. Сауалнама жүргізуші орыс тілінде сөйлеуге мәжбүр болған. 

“Қазақ тілін неге білмейсің?” деген сұраққа жас бала “білмеймін” деп жауап береді.

Желі қолданушысы Бурахан Дақанов “Руын білмейтін,  тілін білмейтін бір түрлі дүбара ұрпақ өсіп келе жатыр...  Кім кінәлі бұған?” деп видеоны бөліскен.

Оқырманы оның уайымын бөлісіп, бірге торығады.

“Бұл бала ана тілін, мемлекеттік тілді білмегеніне ұялып, намыстанып тұрған жоқ, бұл үлкен қасірет… Кеткені солай”, - деп жазады Кәмшат Тасболат.

“Мектептер мен балабақшалар тек мемлекет тіліне ауыстырылмай бұл трагедия тоқтамайды”, - деп ойын бөліседі Гүлжан Қазымова.

“Орыс сыныбына беріп, баласын мәңгүрт еткен ата-аналарына болсын обалы”, - дейді Ұлан Қалиев атты азамат.

“Мынау енді масқараның масқарасы ғой!
Ел басында отырғандар ұялса етті! - дейді Мекебай Оңай.

Афроқазақ есімімен белгілі блогердің Тик-ток парақшасында видеоның қаралымы 168 мыңға жеткен.

Ол жақта да жас баланың бұл әрекетін қош көрмей, жазып жатқандар көп. Пікір иелері баланың өз тілін білмеуін ата-анасынан көреді.

“Африканың адамы қазақша сөйлеп тұр, ал қазақ бала білмейді. Бұл нағыз масқара” деп жазады аталмыш желіні қолданушылар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →