×

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік сыйлықтар, сондай-ақ ақшалай сертификаттар алды

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Отбасы – өмірдегі ең маңызды құндылықтардың бірі, әрбір адамның өмірінде ең маңызды орын алады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мерейлі отбасы» байқауы отбасылық құндылықтар – берік достық, сүйіспеншілік, өзара сыйластық, болашақ ұрпақты, еліміздің нағыз азаматтарын тәрбиелеуге бағытталған.

Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемагулов жалпы байқауға облыстың барлық аудандарынан 100-ден астам отбасы қатысып, облыстық кезеңге 21 отбасы іріктелгенін ерекше атап өтті.

«Отбасында баланың бойында болашақ тұлғаның  негізі қаланады. Қоғамда отбасы ерекше құндылыққа ие», - деді Арман Жемагулов.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды Бесқарағай ауданынан келген Смағұловтар отбасы, II орынды Абай ауданынан Оразалы отбасы, III орынды Үржар ауданынан келген Кәп отбасы және Семей қаласынан Нұрахметовтар отбасы иеленді. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік сыйлықтар, сондай-ақ ақшалай сертификаттар алды. Салтанатты іс-шара соңында қонақтар үшін мерекелік концерт өткізілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вице-премьер Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты
11.07.2025ж. 20:08

Вице-премьер Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты

Қапшағайдан басталған жұмыс сапары: Үкімет туристік аймақтарды тәртіпке келтіруге кірісті
Қазақстанда ниқаб киюге тыйым енгізілді ме?
ІІМ өкілдері азаматтарға жалған қызмет түрлеріне қатысты ескерту жасады.
Тарихымыз түгенделіп, барлық мәлімет объек­тивті түрде сараланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →