Кездесуге аудандық мектеп директорлары мен мұғалімдері қатысты
Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Амангелді атындағы жалпы білім беру мектебінереспубликалық жұмысшы топ келіп, алдағы төртінші тоқсаннан бастап, вакцина бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді деп хабарлайды Qaz365.kz.
Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының «Санитарлық-эпидемиялогиялық сараптама жәнемониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының директоры Айнагүл Қуатбаева, Түркістан облысының денсаулық сақтаубасқармасының штаттан тыс балалар акушер- гинекологы жане АПВ бойынша кординаторы Замира Өтегенова, облыстық клиникалық аурухананың онкология бөлімінің меңгерушісі Болат Баймуминов болды. Сондай-ақ Ордабасы аудандық орталық ауруханасының басшысы Болатхан Сағымбеков, аудандық СЭҚБ басшысы Абдуғани Кемелов алдағы төртінші тоқсаннан бастап 11 жастағы қыз балаларына папилломалық вирусқа қарсы салынатын вакцина жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге аудандық мектеп директорлары мен мұғалімдері қатысты. Жиында АПВ вакцинасының тиімді екендігі, вакцинадан кейін әйелдер арасында АПВ таралуының төмендеуі, ағзаға еніп, иммунитетті белсенді етуі, өз кезегінде иммундықжүйенің жасушалары адам папиллома вирусымен күресуге бағытталған антиденелердің шығуын, вакцина қатерлі ісік ауруын тудырмайтындығы туралы айтылды.
Алдағы АПВ-ға қарсы вакцинациялау науқанына ҚР Үкіметі 9,7 миллиард теңгеден астам қаржы бөліп отыр. Оған 351 мыңнан астам доза мөлшерін девакцина сатып алынады. Жұқпалы аурулардан туындаған онкологиялық аурулардың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында нысаналы топтың кемінде 95%-ын қамтитын 11 жастағы жасөспірім қыздарды папилломалық вирусқа қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және өткізу жоспарлануда. Бұл жұмыс 2024-2025 жылдарға жоспарланған.
Сала мамандарының тақырып аясында түсіндіруден кейін, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, үн парақшалар таратылды.