×

Қан тапсырар алдында донор міндетті тегін медициналық тексерістен өтеді

Акция донорлықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған

Қан тапсырар алдында донор міндетті тегін медициналық тексерістен өтеді
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Мақтарал ауданының «Атакент» ауруханасында «Ерікті донор күні» акциясы күні басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облыстық қан орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ерікті донор күні» акциясы аясында аурухана қызметкерлерінен бастап, тұрғындардарда қан тапсырды. Акция донорлықты насихаттау, донорлық қан мен оның компоненттерінің қорларын ұлғайту, сондай-ақ қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға белсенді жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылған. Дәрігерлердің сөзінше донор ақысыз түрде немесе белгілі бір төлем үшін қан тапсыра алады. Қан тапсырар алдында донор міндетті тегін медициналық тексерістен өтеді. Донорлық қызметті жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы туралы анықтамалар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін беріледі.

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес, медициналық тексеріс және қан және оның компоненттерін тапсыру күндері, донор болып табылатын қызметкер орташа еңбекақының сақталуымен жұмыстан босатылады. Донорлық функцияны жүзеге асыратын донор орташа еңбекақының сақталуымен қосымша бір демалыс күн тегін алады. Егер донор жұмыс берушімен келіскеннен кейін қалауы бойынша жұмысқа кіріссе, басқа күн беріледі немесе бұл күн қалауы бойынша жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін. Егер донор әскери қызметкер болса, қан тапсырған күндері жасақтардан, вахталардан және қызметтің басқа нысандарын атқарудан босатылады, ал студенттер, оқушылар оқудан босатылады. Донорлық қызметті тегін жүзеге асыратын донор қан тапсырғаннан кейін ағзадағы энергия шығындары мен өз қанының көлемін толықтыру үшін таңдау бойынша тегін тамақ немесе оның ҚР Үкіметімен белгіленген 0,25 АЕК мөлшерінде оның ақшалай баламасын алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы өтті
Бүгін, 11:34

Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы өтті

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров еңбегімен дараланған азаматтарды марапаттады
Сақтық шараларын әрбір әлеуметтік желіні тұтынушы білуге тиіс
Кешкі аспанға жүздеген дрон көтеріледі
Есірткі бизнесінің теріс пиғылды біреулерге тиімділігі сонша, үнемі жаңа түрлері пайда болып жатады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →