×

Ордабасы тұрғындарына АПВ бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді

Сала мамандарының тақырып аясында түсіндіруден кейін, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, үн парақшалар таратылды

Ордабасы тұрғындарына АПВ бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысына қарасты, Ордабасы ауданданында Адам папиллома вирусы ауруына қарсы вакцинация туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ауданда өткізілген түсіндерме жұмыстары барысында арнайы келген республикалық жұмысшы топ алдағы 4-ші тоқсаннан бастап 11 жастағы қыз балаларына жоғарыда аталған вирусқа қарсы салынатын вакцина жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жұмысшы топтың құрамында ҚР «Санитарлық-эпидемиялогиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының директоры Айнагүл Қуатбаева, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар акушер- гинекологы жане АПВ бойынша кординаторы Замира Өтегенова және облыстық клиникалық аурухананың онкология бөлімінің меңгерушісі Болат Баймуминов бар. 

Жиында Замира Утегенова АПВ вакцинасының тиімді екендігі, вакцинадан кейін әйелдер арасында АПВ таралуының төмендеуі, ағзаға еніп, иммунитетті белсенді етуі, өз кезегінде иммундық жүйенің жасушалары адам папиллома вирусымен күресуге бағытталған антиденелердің шығуын, вакцина қатерлі ісік ауруын тудырмайтындығы туралы айтты. Алдағы АПВ -ға қарсы вакцинациялау науқанына ҚР Үкіметі 9,7 млрд. теңгеден астам қаржы бөліп отыр. Оған 351 мыңнан астам доза мөлшерінде вакцина сатып алынады. Жұқпалы аурулардан туындаған онкологиялық аурулардың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында нысаналы топтың кемінде 95%-ын қамтитын 11 жастағы жасөспірім қыздарды папилломалық вирусқа қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және өткізу жоспарлануда. Бұл жұмыс 2024-2025 жылдарға жоспарланған. Сала мамандарының тақырып аясында түсіндіруден кейін, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, үн парақшалар таратылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты
Кеше, 18:16

Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты

Электрокарды заңды тасымалдау екі-үш жылдың еншісіндегі мәселе
Депутаттың сөзінше, бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ
Атом электр станциясын салудың экономикалық аспектілері жан-жақты түсіндірілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →