×

АИТВ инфекциясына қан анализін тапсыру маңызды

АИТВ-инфекциясының бар немесе жоқ екенін тек зертханалық талдау тапсыру арқылы ғана білуге болады

АИТВ инфекциясына қан анализін тапсыру маңызды

АИТВ-инфекциясының бар немесе жоқ екенін тек зертханалық талдау тапсыру арқылы ғана білуге болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Түркістан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының басшысының орынбасары Даурен Рыскелдиев мәлімдеді. Оның айтуынша АИТВ-инфекциясының бар немесе жоқ екенін тек зертханалық талдау тапсыру арқылы ғана білуге болады, яғни АИТВ-на тестілеу өту арқылы. 

«АИТВ-жұқпасы - адамның иммунитет тапшылығы вирусының лимфоциттерде, макрофагтарда және жүйке тінінің жасушаларында ұзақ жылдар сақталуының нәтижесінде дамитын, иммундық жүйені зақымдайтын жұқпалы ауру. Ауру біртіндеп басталады. Алғашқы уақытта ауру тұмауға ұқсас белгілерден басталуы мүмкін, сонымен бірге дене қызуының көтерілуі, лимфа түйіндерінің ұлғаюы да мүмкін. АИТВ-инфекциясының 4 клиникалық сатысы бар, бастапқы екі сатысы симптомсыз ағыммен және ұзақ сақталатын лимфоаденопатиямен сиппатталса, 3-4 сатыда басқа да әртүрлі симптомдар мен синдромдар асқына бастайды, соның ішінде тыныс алу жолдарының созылмалы инфекциялары, әр-түрлі дерматиттер, ауыр бактериялдық инфекциялар, герпес, пневмония, туберкулез, капоши саркомасы және басқалары бар. Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың негізгі жолдары – бұл жыныстық қатынас, инъекциялық есірткіні пайдалану кезінде стерильді емес құралдарды ортақ пайдалану және АИТВ жұқтырған анадан балаға, яғн жүктілік уақытында, босану кезінде және емізу кезінде ана сүті арқылы жұғуы мүмкін. Жұқтырудың басқа жолдары жоқ, сондықтан АИТВ-ны ауа-тамшылы жолы арқылы, қол алысу кезінде, ортақ ыдысты пайдалануда, бассейнде, саунада, жәндіктердің шағуы кезінде, тамақ, жемістер арқылы жұқтыру мүмкін емес»,- дейді дәрігер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды
Бүгін, 10:10

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды

Бұл туралы оның қызы Instagram парақшасында жазды
9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →