×

200 мыңнан астам халқы бар Сарыағаш өңірінде орталық аурухана жөндеуден өтті

Қазір жұмыстар толық аяқталып, барлық аудандағы аурухана бөлімшелері өз орындарына жайғасып, штаттық режимде жұмыс атқарып жатыр

200 мыңнан астам халқы бар Сарыағаш өңірінде орталық аурухана жөндеуден өтті
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы күрделі жөндеуден өтті. 200 мыңнан астам аудан халқына енді жаңартылған ауруханада қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аурухана бүгінде қайта жасақталып, толық қуатта жұмыс істеп тұр. Ең бастысы, жөндеу жұмыстары нәтижесінде толықтай жаңартылып, жаңаша кейіпке енген. Тіпті науқастарға келген азаматтар үшін арнайы күту орындары қарастырылған. Бұл жердің өзі қажетті жиһаздармен қамтылған. Сонымен бірге құрылыс жобасында қарастырылған ауруханаға ыстық су жүйесін тарту жұмыстары мердігердің өз есебінен жүргізіліп, бұл мәселе де өз шешімін тауып отыр. Енді пациенттер жаңа ауруханада медициналық көмек алады. 

Сарығаш аудандық орталық ауруханасына күрделі жөндеу өткен жылы басталған. Қазір жұмыстар толық аяқталып, барлық аудандағы аурухана бөлімшелері өз орындарына жайғасып, штаттық режимде жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда бір желдеткіш жүйе, сонымен қатар оталау бөлімшесінде қойылған жаңа құрылғылар бар. Олар медициналық құрылғылар емес. Ол құрылғылардың желдетуі, жылыту-суытуы сияқты құрылыс жұмыстары қалған. 

Барлық бөлімшелер штаттық режимде халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Сонымен қатар күрделі жөндеу кезінде ауруханаға ыстық су жүйесі қарастырылмаған-тын. Соны мердігерлермен келісе отырып, аурухананы толыққанды ыстық су жүйес қосылған. 

«Бізде қабылдау бөлімшесінде науқастардың артынан келген күтушілері, туған-туыстары дәрігерлермен қосарланып қабылдау бөлімінде бірге жүретін. Оларға бөлек күту залын ұйымдастырып салдық. Бұл жерде бүкіл жағдай жасалған», – дейді аурухана басшысы Бахыт Мырзалиев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →