×

Сарыағашта жөнделген аурухана ауданаралық медициналық мекемеге айналады

Ауруханада кезінде жалғыз нейрохирург болған

Сарыағашта жөнделген аурухана ауданаралық медициналық мекемеге айналады
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының басшысы Бақыт Мырзалиев жөндеу мен медицина аппараттарын әкелудің арқасында аурухананың ауқымы ауданаралық деңгейге жететінін айтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Денсаулық сақтау саласына байланысты ауылдық медицинаны жаңғырту бағдарламасы қолға алынған. Соның бірі – орталық аудандық ауруханаларды модернизация жасап, күрделі жөндеуден өткізіп, көпсалалы аудандық аурухана қылу. Сол мақсат бірден-бір мақсат қолға алынып, жұмыс жүргізіліп жатыр», - дейді Бақыт Мырзалиев.

Оның сөзінше, одан бөлек шалғай елдімекендерде медицина қолжетімді әрі сапалы болуы мақсатында бірнеше ғимарат салынып жатыр. Атап айтқанда, қазір үш ғимарат қолға алынған. 

«Мұның бәрі халықтың денсаулығын жақсарту, өмір сүру ұзақтығын қамту мақсатындағы іс-шаралар. Ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқалы облыс басшысы Дархан Сатыбалды да үнемі бас-қасын аралап, көріп, сын-ескертпелер айтып, соның арқасында бірден-бір септігін тигізді. Аудандық аурухана күрделі жөндеуден жұмыстарынан бөлек, заманға сай медицина жабдықтарымен қамтылып келеді. Бұл өз кезегінде денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштің жақсаруына септігін тигізуде», - дейді аурухана басшысы.

МРТ аппаратын орнату биылға жоспарланып отыр. КТ аппараты жұмыс істеп тұр. 

«Енді үш ауданға ауданаралық аурухана ретінде қызмет атқарамыз деген жоспар бар, - дейді ол.

Ауруханада кезінде жалғыз нейрохирург болған. Қазір тағы біреуін жұмысқа қабылданған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вице-премьер Ермек Көшербаев Қызылорда облысындағы әлеуметтік нысандарды аралады
Бүгін, 18:31

Вице-премьер Ермек Көшербаев Қызылорда облысындағы әлеуметтік нысандарды аралады

Еліміздің 17 өңірінен келген оқушыларға арналған физика-математика бағытындағы жаңа лицей-интернат ашылды
Алагөзов сыйлаған пәтерлер Алматы Арена маңындағы су жаңа үйлерден берілгені видеода анық көрінеді.
Бірнеше ауданда жаңа спорттық инфрақұрылымдардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →