×

Мысыр елінің халықаралық марапаты Абай музейіне табыс етілді

Қазақстан мен Мысыр арасындағы рухани-мәдени байланыстың қарқын алғанына ширек ғасырдың жүзі болды

Мысыр елінің халықаралық марапаты Абай музейіне табыс етілді

Тамыз айының ортасында Мысыр Үкімет басшысының ұйытқы болуымен  Египет астанасы Каирде ХІ халықаралық дәстүрлі өнер және поэзия фестивалі өткен болатын, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осы фестивальдің негізін қалаушы Интисар Абдел Фаттахтың мәлімдемесіне сүйенсек, бұл маңызды мәдени шараға Қытай, Үндістан, Оңтүстік Судан, Палестина, Жапония, Колумбия мемлекеттерімен қатар Мысыр елінің отыздан астам шығармашылық өнер ұжымдары қатысқан. 

Ең ғажабы сол, ХІ халықаралық дәстүрлі өнер және поэзия фестивалі үшін Мысыр Мәдениет министрлігінің жанынан құрылған комиссия шешімімен Абайдың шығармашылық мұрасы (өлеңдері мен қарасөздері) «Адамзат өркениетіне қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығына лайық болып танылды. Марапаттың ескерткіш сыйлығы мен куәлігі Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігіне салтанатты түрде табыс етілген еді. 

Жалпы, Қазақстан мен Мысыр арасындағы рухани-мәдени байланыстың қарқын алғанына ширек ғасырдың жүзі болды. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген Абай сөзімен айтсақ, ұлы ақын әлемдік деңгейдегі ортақ тұлға болып әлдеқашан мойындалғаны белгілі. 1998 жылы Каир қаласындағы бір көшеге Абай Құнанбайұлының есімі берілді. Ал 2016 жылдың қазан айында Ніл өзенінің жағалауындағы Әлемге әйгіңлі тұлғаларға арналған халықаралық саябақта қазақтың ұлы ақынының бюсті орнатылды.

Кеше ҚМДБ арнайы тапсырмасымен Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы Абай музейіне Мысыр елі жолдаған «Адамзат өркениетіне қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығын музей директоры Ұлан Болатұлына зор құрметпен табыс етті. 

«Абай қазақтың маңдайына біткен әлемдік деңгейдегі ұлы тұлғасы. Ақын мұраларының халықаралық мәдениет және поэзия фестивалінде «Адамзат өркениетіне қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығына лайық болып марапатталуы біз үшін зор мәртебе. Сыйлық ескерткіші мен марапатының ҚМДБ арқылы аманатталып Абай музейіне табысталуының тарихи мәні зор. Абай мұрасы әлі де ғасырдан ғасырға жалғаса берері даусыз», – дейді Абай музейінің директоры Ұлан Сағадиев. 

Сәтжан Қасымжанұлы,
Абай облысы

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →