×

Астанада үй иесі бір пәтерге 800 адамды тіркеген: тіркеу нормативі өзегеруі мүмкін

Заң бұзған тұрғын үй иелеріне айыппұлды екі есеге дейін ұлғайту мәселесі қаралып жатыр

Астанада үй иесі бір пәтерге 800 адамды тіркеген: тіркеу нормативі өзегеруі мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Астана аумағында белгіленген нормативтерден артық тіркеуге тыйым салынуы мүмкін. Ал заң бұзған тұрғын үй иелеріне айыппұлды екі есеге дейін ұлғайту мәселесі де пысықталуда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Қазір бәрі ірі қалаларда өмір сүруге талпынады. Түсінікті жағдай. Алайда халық санының күрт өсуі пәтердегі тұрғындар санының шектеусіз тіркеу проблемаларына әкеліп отыр, мысалы, Астана қаласында жүргізілген тексеріс нәтижесінде бір пәтерге 800 адам тіркелгені анықталды. Тұрғын үйлердің иелері осындай заңбұзушылыққа жиі барады", – деді Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков.

Осы мәселені шешу мақсатында Астана мәртебесі туралы заңға тұрғылықты жері және елорда аумағында уақытша болатын жері бойынша тіркеу нормативін бекіту жөнінде маслихаттың құзыретін кеңейту көзделеді.

Сонымен қатар Халықтың көші-қон туралы заңына Астана аумағында белгіленген нормативтерден артық тіркеуге тыйым салу бойынша өзгерістер енгізу ұсынылады.

"Бұл ретте тіркеу нормативтері тұрғын үйдің меншік иесіне, жұбайына не өзінің жақын туыстарына немесе қарауындағы азаматтарға таралмайтындығын атап өткім келеді", – деп нақтылады вице-министр.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу шеңберінде осы заңды бұзғаны үшін тұрғын үй иесіне айыппұлды екі есеге дейін ұлғайту мәселесі де пысықталуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →