×

"Ұмай" әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады: қандай өзгеріс бар

Бағдарламаға кез келген отбасылық мәртебеге ие әйел кісі қатыса алады

"Ұмай" әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады: қандай өзгеріс бар
Фото: shutterstock.com

Әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекалық бағдарламасы келесі жылы қайта іске қосылады. Бағдарлама әйелдерге өз баспанасын алуға қолайлы мүмкіндіктер береді. Бұл туралы “Отбасы банк” басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ипотеканы алу үшін алғашқы жарна ретінде несиенің 20 пайызын "Отбасы" банкінің депозитінде сақтау қажет. Іріктеу кезінде депозиттегі жинақталған сыйақының көлемі маңызды рөл атқарады. Қатысушыларға ешқандай кезекте тұрудың қажеті жоқ. Ал пәтерді кез келген қаладан немесе ауылдан сатып алуға болады. 

"Бұрын 4 қалаға – Астана, Алматы, Атырау, Ақтауға өтінімдер көлемі бойынша шектеулер болған. Енді бұл шектеулер де жойылды. Айтпақшы, біздің банкте бірге қарыз алушы ата-аналардан бастап, күйеуі, ересек балалары, құрбылары, достары мен туыстары бола алады. Стипендияны да кіріс ретінде қараймыз, қызыңызға жаңа қалада пәтер алғыңыз келсе, әйелдер ипотекасын неге пайдаланбасқа?" - деп жазды Ақшанов. 

Бағдарламаға кез келген отбасылық мәртебеге ие әйел кісі қатыса алады. Әрі бұл әйелдің бірінші, екінші немесе үшінші пәтері болуы мүмкін. Қатысушылардың табысы 900 мың теңгеден аспауы керек. Сонымен қатар әйелдер өздерінің зейнетақы жинақтарын пайдаланып, жақын туыстарының ақшасын да депозитке аударуға болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тамырдан жасалған туындылар шығысқа келген туристерді тамсандырды
Бүгін, 15:54

Тамырдан жасалған туындылар шығысқа келген туристерді тамсандырды

Туындыны жасауға 1 жылға жуық уақыты кеткен
Темір арба арнайы электр құрылғымен жабдықталған
Биылғы күзгі науқанда армияға 20 мынан астам қазақстандық шақырылды.
Концертті жергілікті және шетелден арнайы келген қонақтар тамашалауда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →