×

Түркістанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық нысандар бой көтеруде

Қазіргі таңда ғимараттың қабырғасы қаланып, ішкі бөлу жұмыстары жүргізілуде

Түркістанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық нысандар бой көтеруде

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласында халыққа сапалы қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда, 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осы ретте өңірдегі Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, Жылға елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның және Шымырбай елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Алдымен аудан басшысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бастау алған Шымырбай елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылыс жұмыстарын саралау барысында мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын жоспарға сәйкес мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырды. 

Қазіргі таңда ғимараттың қабырғасы қаланып, ішкі бөлу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында жалпы 8 жұмысшы жұмыс атқаруда. Келесі кезекте аудан әкімі Жылға елді мекенінде салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарының барысын бақылап, мердігер мекеме өкілімен кездесті. Бүгінде мердігер мекеме тарапынан ғимараттың қабырғасын қалау, сонымен қатар арнайы плита жабындысы жабылуда. Жалпы 11 жұмысшы құрылыс жұмыстарына жұмылдырылған. Құрылыс алаңында болған аудан әкімі медициналық нысанының ауыл үшін маңызы зор және оның сапалы салынуы басты шарт екенін айтып өтті. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарының уақытылы жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертіп, тиісті бөлім басшысына осы жұмыстарды үнемі назарда ұстауды жүктеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Райымбек ауданындағы жол мәселесі: Әкім уәдесі
Бүгін, 14:33

Райымбек ауданындағы жол мәселесі: Әкім уәдесі

Жобаға бюджеттен 7,5-8 миллиард теңге бөлінген
Ғимараттың қасбетіне өз бетімен кондиционер орнату – заң бұзушылық
Қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары 1966 жылы пайдалануға берілген, 90 пайызы ескірген
Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Ерлан Қожағапановты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп танып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →