Зерттеу жүргізу үшін сайттар мен парақшалар саналды
Қазақстан интернетінің 30 жылдығына орай Yandex Qazaqstan аналитиктері арнайы зерттеу жүргізіп, отандық ғаламторда қазір неше сайт бар және олар қай жылдары ашылғанын анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Зерттеу жүргізу үшін Яндекс Іздеу роботы көріп тұрған сайттар мен парақшалар саналды. Нәтижесінде қазіргі кезде Қазақстанда 108 мың сайт және 967 млн парақша бары анықталды. Сайттардың үштен біріне жуығы (28%) 2023 жылдан бастап осы күнге дейінгі аралықта ашылған екен, шамамен 71%-ы кейінгі 10 жылда құрылған. Аналитиктер Яндекс Іздеуге қазақша терілген сұраулардың басым бөлігі (67%) білім алу тақырыбына қатысты екенін анықтады. Биыл наурызда сервиске нейро аудармашы енгізілген соң қыркүйекке қарай Яндекс Іздеуде қазақ тіліндегі пайдалы материалдардың саны 15 млн бірліктен асты. Мысалы, онлайн энциклопедия мақалаларын атауға болады.
Кейінгі 10 жылда Қазнеттегі жаңа сайттардың саны өскен, өсудің аса қарқыны 2023 және 2024 жылдарға келеді. Жаңа парақшалармен жағдайда тура сондай: парақшалар саны 10 жыл бойы өскен, қарқынды өсу кейінгі екі жылда байқалған.
Инфографика
Қазақстандық пайдаланушылар интернетте керек ақпаратын жылдамдырақ табуы үшін 2024 жылдың наурызынан бастап Яндекс Іздеу пайдаланушылардың сұрауына қарай қазақ тілінде сипаттама, фактілер және қызықты деректермен карточкаларды көрсете бастады. Мысалы, сұрауда нақты қала немесе табиғи объект болуы мүмкін. Яндекстің нейрожелісі осындай карточкалар үшін бүкіл интернеттен ақпарат табады, ал нейро аудармашы табылған ақпаратты қазақ тілінде дайындайды.
Күн сайын Яндекс Іздеу пайдаланушыларға сұраулары бойынша қазақ тілінде 180 мыңға жуық карточка көрсетеді. Сұранысы жоғары карточкалар білім алу тақырыбына қатысты. Мысалы, ежелгі грек діні, авторлық құқық, сын есім, жасанды интеллект, үстеу, айтыс тақырыптары. Қазақстанда орыс тіліндегі карточкалар арасында скелет человека, юрта, робот, падежи, алфавит сынды тақырыптар басым.
Зерттеуде домені .kz және .қаз атаулы сайттардың барлығы, сонымен қатар парақшаларының ең кемі 50%-ы қазақ тілінде жүргізілкен ұлттық емес домендердегі (мысалы ұлттық домендер үлгісі — .ru және .uz) сайттар қаралды. Сайттармен қоса екінші деңгейдегі yandex.kz, gov.kz, alfa.kz сынды сайттар саналды. Ал түрлі ұйымдардың сайттарын біріктіретін екінші деңгейдегі домендер (Қазақстанда сондай ірі үшін домен бар — edu.kz, org.kz и gov.kz) домендер қаралмады: олар үшін зерттеушілер сайттармен үшінші деңгейдегі домендерді санадық. Мысалы, special.nur.kz және kaz.nur.kz бір сайт ретінде қаралса, news.org.kz және aerc.org.kz — екі түрлі сайт ретінде саналды.
Yandex Qazaqstan туралы
Yandex Qazaqstan – машиналық оқу және нейрожелі негізінде өнімдер мен сервистерді шығаратын технологиялық өндіріс. Компания пайдаланушылардың өмірін жақсартып, Қазақстанда цифрлық ортаны дамытуға бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізумен айналысады. Қазір елде іздеу қызметі, қалалық, бұлтты және ойын-сауық сервистері жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар әзірлеушілер білім беру және әлеуметтік жобларды дамытумен айналысады.