×

Түркістан облысында тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы екпе егу басталды

ЖРВИ-ға қарсы иммундау науқаны биыл 1 қыркүйектен басталса, ал тұмауға қарсы иммундау науқаны 15 қыркүйектен басталды

Түркістан облысында тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы екпе егу басталды
Фото: gov.kz

Түркістан облысы бойынша 2024 жылдың 8 айында жіті респираторлық вирустық инфекциялар инфекциясынан 150227 жағдай тіркелген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесовтың сөзінше, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ ауруын жұқтырған азаматтар саны 43,6% өскен. Сондықтан да ЖРВИ-ға қарсы иммундау науқаны биыл 1 қыркүйектен басталса, ал тұмауға қарсы иммундау науқаны 15 қыркүйектен басталды. 

«Өздеріңізге белгілі, жылдың суық мезгілдері адамдардың әртүрлі респираторлық инфекцияларға шалдығып, аурушаңдықтың өсуінің орын алып отырады. Тұмау және ЖРВИ аурушаңдығының  эпидемиялық маусымы ресми түрде 1-ші қазаннан басталып, келесі жылдың сәуір айының соңына дейін созылады. 2023-2024 жылдардың эпидемиялық маусымында 38 тұмау жағдайы тіркелсе, оның 16 -ы биылғы жылдың қаңтар айыгда анықталған. ҚР БМСД-нің қолданыстағы қаулысына сәйкес өткен жылдан бері  ауыр ЖРВИ науқастары тұмау және COVID- 19 вирустарына қатарзерттеулер  жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 8 айында облыстық ұлттық сараптама орталығы филиалының вирусологиялық зертханасында ПТР әдісімен 149 сынамаға зерттеу жүргізілген. Нәтижесінде жоғарыда айтылған 16 тұмау вирусы штаммдары ішінде негізінен A3(H3N2) типі басым болды. Негриппозды емес ЖРВИ вирустарын зерттеулер бойынша микс (риновирус, аденовирус, парагриппозды) түрлері анықталған»,- дейді Бахтыораз Елемесов.

Айта кетсек, эпидемиологиялық апталық мониторинг деректері бойынша күнтізбелік 37 аптада облыс бойынша 8090 жағдай ЖРВИ  тіркелген. Яғни, өңірде аурушаңдық динамикасында мезгілдік өсу  байқалады. Бұл ЖРВИ жағдайларының жалпы санының 70%-ы 14 жасқа дейінгі балалар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды
Бүгін, 18:14

Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды

Сағи мен Елдиярдың сөзінше, олар есімі елге белгілі айтыскер ақынның қызымен бизнес бастамақ болған.
Тергеу «Құпия» белгісімен жүргізілген. 
Қазіргі таңда тегін мемлекеттік үйірмелермен 250 мыңнан астам баланы қамтылған
Ол бұл бағытта жұмыс жалғасып жатқанын алға тартты. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →