×

Екі күнде 37 литр қан тапсырды: Алматыда «Қан тапсырып, өмір сыйла!» науқаны өтті

«Донор» сөзінің латын тілінен аудармасы «Өмір сыйлаушы» деген мағынаны білдіреді

Екі күнде 37 литр қан тапсырды: Алматыда  «Қан тапсырып, өмір сыйла!» науқаны өтті

Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандары 17-19 қыркүйек күндері аралығында «Қан тапсырып, өмір сыйла!» науқаны аясында Республикалық қан орталығына екі күнде 37 литр қан тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Акцияға үлес қосқан қызметкерлер «Біздің басты мақсатымыз - науқас жандарға көмектесу», дейді. Сауапты шараға дәрігерлерден бастап мейіргерлерге дейін үлес қосты. Сонымен қатар, әкімшілік қызметкерлері де қатысты. Барлығы 83 маман ерікті түрде қан тапсырды. Қан тапсырмас бұрын, донорлар алдымен медициналық сауалнама толтырды. Соның қорытындысы бойынша ғана қан тапсыруға рұқсат алды. Республикалық қан орталығы  тапсырылған қан көлемі мен оның мінсіз сапасына баса назар аударады.

Педиатрия орталығының қызметкерлері донор ретінде қан тапсыруды әдетке айналдырған. Олар бір емес, жылына үш рет қан тапсырып, қаншама науқас жандардың өмірлеріне араша түсуде. Соның бірі, Трансфузиология бөлімінің дәрігері Данияр Әліпбаев. «Тұрақты түрде қан тапсырып жүргеніме 5-6 жыл болды. Қан тапсырудағы мақсатым - қатерлі дертке шалдыққан кішкентай бүлдіршіндерге көмектесу. Ең бастысы - қан құюға мұқтаж жандарға көмегім тисе болғаны. Осында өзімнің бір адамға болсын септігімді тигізуге келіп отырмын», дейді дәрігер Д.Әліпбаев.

Акцияға қатысқан әр қызметкер 350-450 миллилитрден қан тапсырды. Бұл істі игі дәстүрге айналдырған ақ халаттылар кезекті рет бір кісідей акцияға атсалысып, көпке үлгі болуда.

Шараның тұрақты түрде ұйымдастырушысы, клиникалық трансфузиология бөлімінің меңгерушісі Қуаныш Үмбетовтің айуынша, Педиатрия орталығында жылына 2-3 рет қан өткізіп тұратын тұрақты  35-тен астам донорлар бар.

«Орталықтан жылына шамамен 130-160 адам қан тапсырады. Медициналық тексерістен өткен адамнан стандарт бойынша 450 миллилитр қан алынады. Жыл сайын донацияға қатысушы қызметкерлер саны артып келеді. Біздің орталықта қан және оның компоненттері осы  орталықта ем алып жатқан науқас балаларға қолданылады. Клиникада қатерлі дертке шалдыққан, жүрек ақауларымен туған балалар, ауыр хирургиялық ота қажет болған науқас балалар мен жаңа туған нәрестелер ем алады. Ота кезінде, сүйек кемігінің қатерлі ісіктерінде, оған қоса сүйектің кемік майын трансплантациялау кезінде және басқа да жағдайларда дәрігерлердің тағайындауымен қан және оның құрамдас бөліктері құйылады. Науқастарға қолданылатын барлық медициналық құрылғылар бір реттік. Бұл бұйымдардың барлығы балалардың ата-аналарының қатысуымен ашылады. Қан құю барлық медициналық талапқа сай жүргізіледі», –  дейді Қ.Үмбетов.

Дәрігердің пікірінше, қан тапсыру ағзаға пайдалы. «Қан тапсырудың пайдасы мен зияны қоғамда көп талқыланады. Медицина маманы ретінде қан тапсырудың негізгі пайдаларын атап өткім келеді. Біріншіден, ең бастысы – қан тапсырған әр адам 3 адамның өмірін сақтап қалуға тікелей көмегін тигізеді. Екіншіден, ағзаңыздың қан құрамы жаңарады, қан құрамының жаңаруы теріге өте пайдалы. Үшіншіден, қан тапсыру арқылы адам бойындағы қан қысымы реттеледі. Төртіншіден, қан тапсырудың семіздіктің алдын алуға септігі бар. Бесіншіден, адам өмірін ұзартады. Сонымен қатар Сіз қан тапсыра отыра, ағзаңыз туралы ақпаратты ала аласыз. Қан тапсырудың ағзаға еш зияны жоқ. Үлкен адам ағзасында шамамен 4,5-5литрдей қан болады, қан тапсыру барысында әр адам 450 миллилитрден аспайтын қан тапсырады. Бұл ағзаға зиянын тигізбейді», дейді Қ.Үмбетов.

Орталық қызметкерлері ішінде жүйелі түрде қан тапсырып отыруды әдетке айналдыра бастаған белсенді донорлар да бар. Солардың бірі – IT маманы, Ақпараттық технология бөлімінің басшысы Бақаш Қайрат.

«Біздің игі ісіміз көптеген адамдардың өмірін құтқаруға септігін тигізеді. Бір ғана қан тапсырған адам  – бір адамға өмір сыйлайды.  Үлкен Алматының өзінде сан мыңдаған адам қанға мұқтаж. Осы көмегіміз арқылы біз біреудің анасының, әкесінің немесе бауырының өмірін сақтап қалсақ, одан асқан сауапты іс бар ма?! Мен қан тапсыруды азаматтық міндетім деп білемін және барша азаматтарды қан тапсырып, науқас жандарға көмек көрсетуге шақырамын», – дейді Қ.Бақаш.

«Донор» сөзінің латын тілінен аудармасы «Өмір сыйлаушы» деген мағынаны білдіреді. Көптеген науқас үшін бұл екінші өмір секілді. Донор қаны – өмір нәрі. Шынымен елімізде сан мыңдаған адам қанға мұқтаж. Кез келген оқыс жағдайда, немесе ота кезінде өмір нәрі ауадай қажет.

Елімізде жасы 18-ден асқан, медициналық көрсеткіші нәтижелі кез келген азамат донор бола алады. Ерлер жылына 6 рет, әйелдер 4 рет қан тапсыруға мүмкіндігі бар.

Акцияға қатысқан әрбір донор қан тапсырып, біреудің өміріне араша болып қана қоймай, өзінің денсаулығы туралы да көп ақпарат ала алды. Атап айтқанда, ол өзінің гемоглобинінің деңгейін, түрлі инфекциялық аурулармен ауырған, ауырмағанын, сондай-ақ қан тобын біле алды.

Педиатрия орталығы акцияға үлес қосқан барша жанға зор алғысын білдіреді!

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жұбайы мен екі баласы қалды. Тікұшақ апатынан қаза тапқан адамның кім екені анықталды
Бүгін, 18:12

Жұбайы мен екі баласы қалды. Тікұшақ апатынан қаза тапқан адамның кім екені анықталды

. Қайтыс болған офицердің отбасы мен зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетілмек
Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдарда көру мүмкіндігі төмендейді
Депутат Қасымбаевпен алыс туыс екенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →