×

Түркістан облысында жедел жәрдем бекетінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

Түркістан облысында 2024 жылы 16 млрд теңгеге жуық қаржы дәрі-дәрмек алынады

Түркістан облысында жедел жәрдем бекетінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

Бүгін Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында №7 жедел жәрдем бекеті қолданысқа берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Нысанның ашылу салтанатына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Мархабайұлы қатысып, сала бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-қа, аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков медициналық нысанның ашылуымен құттықтады. Жаңа нысанда дәрі-дәрмек сақтайтын қойма, жедел жәрдем бойынша тәжірибелік дағдылар және диспечерлік бөлмелелер бар. Бүгінде ғимарат ауласы қоршалып, қызметтік көлік тұрақтары да қарастырылған. Жаңа бекетте 4 желілік жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді.

Түркістан облысында 2024 жылы 16 млрд теңгеге жуық қаржы дәрі-дәрмек алынады. 2024 жылға өңірдің медициналық ұйымдар тарапынан республикалық бюджет есебінен 15,9 миллиард теңге сомаға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 549 атауын сатып алуға өтінім беріліп, бүгінгі күнге дейін  «Д» есепте тұратын 129 032 науқастар жалпы сомасы 4 232 826 мың теңгеге қамтамасыз етілді. Соның ішінде 18 жасқа дейінгі 25 598 науқас 747 528 мың теңге қаражат көлемінде  қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, биыл жаңадан пайда болған «Д» есепте тұратын науқастар санының артуына байланысты медициналық ұйымдар тарапынан ТМККК шеңберінде - 2 182 947 мың теңгеге және МӘМС жүйесі бойынша 337 890 мың теңге көлемінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қосымша өтінім жолданды.  

2024 жылға орфанды диагноздармен ауыратын 232 науқастарды тегін медициналық кепілдендірілген көмектің шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен 4 591 681 мың теңге бөлінді. Бұл ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол жалған құжаттар жасап, 68 темір тұлпарға мемлекеттік нөмір таққан
Еңбек адамдары жастарға алғыстарын білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →