×

Қазақстанның барлық мектебінде ата-аналар жиналысы өтеді

Жиын барысында ата-аналарға қатерлерді дер кезінде тану және оның алдын алу үшін қандай шаралар қабылдау керектігі түсіндірілмек

Қазақстанның барлық мектебінде ата-аналар жиналысы өтеді
Фото: diapazon.kz

23-27 қыркүйек аралығында еліміздің барлық мектептерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған ата-аналар жиналысы өтеді. Жиын барысында ата-аналардың өмірде де, интернет кеңістігінде де балаларының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау мәселесі талқыланады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жиын барысында ата-аналарға қатерлерді дер кезінде тану және оның алдын алу үшін қандай шаралар қабылдау керектігі түсіндірілмек. Олардың негізгілерінің қатарында баланың мінез-құлқы мен әлеуметтік желілердегі белсенділігін бақылау және мектеп ортасындағы құрдастарымен қарым-қатынасы мәселесі бар.

Сарапшылардың айтуынша, баламен тұрақты қарым-қатынас жасап, ашық диалог құрудың маңызы зор.

"Балалардың қауіпсіздігі әрбір ересек адам үшін басты міндет болуы керек. Балаңызбен ашық диалог құру, оның өміріне белсенді араласу, цифрлық құрылғыларды басқару және қауіпсіздік мәселелерін талқылау проблемалардың алдын алуға көмектесетін негізгі қадам саналады. Ата-ананың міндеті – бақылау ғана емес, сенімді қарым-қатынас құрып, оны сақтау. Осылайша бала ата-анасының әрқашан тыңдауға және көмектесуге дайын екенін түсінеді. Біздің балалар – болашағымыз, олардың әл-ауқаты бізге байланысты", – деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылынан бастап білім беру ұйымдарында апта сайын сынып сағаттары аясында "Қауіпсіздік сабақтары" өтіп жатыр. Сабақ кезінде интернеттегі тәуекелден қорғану, өзін-өзі сақтау дағдыларын дамыту және түрлі қауіп-қатерлер жағдайында дұрыс әрекет ету тақырыптары қамтылып отыр.

Сондай-ақ балалар мен ата-аналар және педагогтер үшін психологиялық, құқықтық және әдістемелік кеңес алуға болатын психологиялық қолдау орталықтары ашылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →