×

Түркістан облысында адам папиллома вирусын алдын-алу бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді

Алдағы АПВ -ға қарсы вакцинациялау науқанына ҚР Үкіметі 9,7 миллиард теңгеден астам қаржы бөліп отыр

Түркістан облысында адам папиллома вирусын алдын-алу бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді
Фото: gov.kz

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында Адам папиллома вирусын алдын-алу бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері Садық Әбдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернатында   ата- аналарға11 жастағы қыз балаларына жоғарыда аталған вирусқа қарсы салынатын вакцина жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиынға ата-аналар мен мұғалімдер қатысты. Кездесу барысында АПВ вакцинасының тиімді екендігі, вакцинадан кейін әйелдер арасында АПВ таралуының төмендеуі, ағзаға еніп, иммунитетті белсенді етуі, өз кезегінде иммундық жүйенің жасушалары адам папиллома вирусымен күресуге бағытталған антиденелердің шығуын, вакцина қатерлі ісік ауруын тудырмайтындығы туралы айтылды.

Алдағы АПВ -ға қарсы вакцинациялау науқанына ҚР Үкіметі 9,7 миллиард теңгеден астам қаржы бөліп отыр. Оған 351 мыңнан астам доза мөлшерінде вакцина сатып алынады. Жұқпалы аурулардан туындаған онкологиялық аурулардың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында нысаналы топтың кемінде 95%-ын қамтитын 11 жастағы жасөспірім қыздарды папилломалық вирусқа қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және өткізу жоспарлануда. Бұл жұмыс 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Сала мамандарының тақырып аясында түсіндіруден кейін, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, үн парақшалар таратылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →