×

Алматылық еңбеккерлер марапатталды

Іс-шараны қаланың Қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырды

Алматылық еңбеккерлер марапатталды
Фото: Самат Құсайынов

Алматыда өз мамандығына адал қызмет етіп, еңбегімен көзге түскен қызметкерлер «Еңбек адамы – 2024» марапатымен марапатталды. Бұл іс-шараны Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

15 алматылық азамат мемлекет пен мегаполистің дамуына қосқан үлесі үшін «Еңбек адамы» сыйлығына ие болды. Олардың арасында 30 жылға жуық журналистикада, оның ішінде 20 жылдан астам уақыт «Алматы ақшамы» газетінде еңбек етіп жүрген Рая Ескендір де бар.

Фото: Самат Құсайынов

Іс-шараға қатысқан Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков марапат иелеріне өз лебізін білдірді.

«Қыркүйек айының соңғы жексенбісі – елімізде Еңбек күні ретінде атап өтіледі. Осыған орай, қаламыздың дамуына елеулі үлес қосып жүрген еңбекқор азаматтарды марапаттауды жөн көрдік. Еліміз сіздер сияқты өз ісіне адал, еңбексүйгіш адамдардың арқасында алға басып келеді. Мемлекет басшысы да бұл мәселеге өз Жолдауында ерекше назар аударды және келесі жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Сондықтан еңбегімен танылған азаматтарды әрдайым құрметтеуіміз қажет», – деді Айдар Есенбеков.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім
Бүгін, 00:22

Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім

17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын
Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.
Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →