×

Тұмау мен ЖРВИ туралы не білу керек – дәрігер кеңесі

Түркістан облысында тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы егу жұмыстары тұрғындардың 12,9%-на екпе егу жоспарланған

Тұмау мен ЖРВИ туралы не білу керек – дәрігер кеңесі
Фото: ашық дереккөзден

Жалпы тұмаудың эпидемиялық кезеңі қазан айынан мамыр айына дейін созылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы, Сауран ауданына қарасты Бабайқорған ауыл округі ауруханасының жалпы медбикесі Айкен Сейрткарымның сөзінше тұмау негізінен жоғарғы тыныс жолдарына әсер ететін және жоғары температурамен, әл-ауқаттың айқын нашарлауымен, қатты әлсіздікпен, бастың және бұлшықеттің ауруымен, жүрек айну, құсумен көрінетін жедел жүретін жұқпалы ауру. 

«Тұмау барлық жастағы адамдарда және жылдың кез келген уақытында кездеседі. Алайда аурушаңдықтың шарықтау шегі күз бен қыс мезгілінде болады. Тұмау пневмония, менингит, отит, синусит, гайморит, бронхит, миокардит сияқты аурулармен асқынулар береді, барлық созылмалы аурулар асқынады, олармен күресу тұмаудың өзімен күресуден әлдеқайда қиын. 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, қарт адамдар, созылмалы аурулары бар адамдар мен иммундық жүйесі бұзылған адамдарда аурудың қаупі жоғары. Қазіргі уақытта алдын алудың тиімді әдістерінің бірі вакцинация болып табылады. Ағзаның ауруларға қарсы тұруына әсер ететін рационалды тамақтанудың да маңызы зор», – деді

Айта кетсек, Түркістан облысында тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы егу жұмыстары тұрғындардың 12,9%-на екпе егу жоспарланған. Түркістан облысы бойынша 2024 жылдың 8 айында жіті респираторлық вирустық инфекциясы бойынша (ЖРВИ)150 227 жағдай тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен  салыстырғанда ЖРВИ ауруын жұқтырған азаматтар саны 43,6% өскен. Қазіргі таңда облыс бойынша 686 инфекциялық төсек-орын бар, оның ішінде ересектерге арналған - 241, балаларға арналған - 445, реанимациялық төсек-орын саны – 287. Бүгінгі күні инфекциялық төсек-орында жатқан науқас саны – 212, оның ішінде ЖРВИ саны – 203, пневмония бойынша – 9.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →