×

Қазақстанда әскери қызметке шақырылғандар саны артты

Қаулыға 26 қыркүйекте қол қойылған

Қазақстанда әскери қызметке шақырылғандар саны артты
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда міндетті әскери қызметке шақырылғандар саны артты. Үкімет қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Қазақстан Республикасы президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы № 443 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2024 жылғы 16 ақпандағы "Белгіленген мерзімді өтеген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа ауыстыру туралы және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2024 жылғы наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" № 96 қаулысына өзгерістер енгізілді. 

Енді мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы мерзімді әскери қызметшілер саны 40 202 адамға дейін ұлғайтылды. 

Бұған дейін олардың саны 39 180 адамды құраған. 

Қаулыға 26 қыркүйекте қол қойылып, "Әділет" ҚАЖ-де жарияланды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы көшелерінен 105 мың текше метр қар шығарылды
Кеше, 16:38

Алматы көшелерінен 105 мың текше метр қар шығарылды

Шаһар аумағына 18 сантиметр қар түсті
Қандас ретінде келудің негізгі шарты – қазақ ұлтына жататынын дәлелдеу
Өзгерістер көлігін алғаш рет сақтандыратындарға да, бұрыннан көлік тізгіндеп жүргендерге де қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →