×

Алматы облысында “JasRepublic Cup” пікірсайыс турнирі өтті

Әр ауданның мектептерінен 16 команда қатысты

Алматы облысында “JasRepublic Cup” пікірсайыс турнирі өтті

2024 жылдың 28 қыркүйек күні Қонаев қаласында Respublica партиясының қолдауымен “Әділетті, таза және қауіпсіз Қазақстан” тақырыбында JusRepublic CUP | дебат турнирі өткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аймақтық турнир қазақ және орыс лигаларын қамтыды. Облыс аудандарынан турнирге 16 команда қатысты. Пікірсайыс додасының басты мақсаты: облыс мектептерінде білім алып жатқан жастардың зияткерлік қабілеттерін ашу. Жас буынды білімге, тапқырлыққа, шешендік өнерге баулу арқылы отансүйгіштік ұғымдарды дәріптеу және ең бастысы, пікірсайысшы жастарды қолдау. 

«Respublica» партиясы идеяшыл, ғылым-білімге ұмтылған және елге жанашыр азаматтарды, жастарды әрдайым қолдайды. Біздің есігіміз ондай жастар үшін әркез ашық. Бүгінгі турнир серіктесіміз “Ozgerteam” қоғамдық бірлестігімен бірге ұйымдастырған алғашқы бастамамыз. Алдағы уақытта да ортақ мақсатқа бағытталған жұмыстарды бірге жүзеге асырамыз деп сенеміз”, - деді Respublica партиясының Алматы облыстық филиалының төрағасы Жарас Ниязбек. 

Турнир жеңімпаздары кубоктармен, дипломдармен және бестселлер кітаптармен марапатталды. Облыстың кіл мықтылары қатысқан бұл дебат турнирі – елімізде Республика күніне орай тұңғыш рет өтетін ұлттық турнирге іріктеу болды. Үздіктер соған жолдама алды.

Үздік төрешілер:

1) Тойлыбай Гүлжан Даниярқызы
2) Сагиндыкова Индира Амангельдиевна

Қазақ лигасы:

“Үздік спикер” номинациясы - Абилова Балжан Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебі.

1-орын иегерлері - ОМГ-ның Oidariya дебат клубының “Қабибол Қанапия” фракциясы:
- Негметолла Фариза
- ⁠Құрманжан Еркежан
- ⁠Түркістан Арнай

2-орын иегерлері - ОМГ-ның Oidariya дебат клубының “Bari de onay” фракциясы:
- Ерсұлтанқызы Еңлік
- ⁠Шәкен Меруерт
- ⁠Қанаева Сафие

3- орын иегерлері - №2 ОМ-тің “Сириус” фракциясы:
- Даниярқызы Тасмина
- ⁠Бақытжан Айша
- ⁠Тоқтарбай Айша

Орыс лигасы:

“Үздік спикер” номинациясы - Дауленова Аружан ОМГ.

1-орын иегерлері - ОМГ-ның Oidariya дебат клубының “Эпицентр” фракциясы:

- Дауленова Аружан 
- ⁠Ернарқызы Айгерім
- ⁠Асылхан Аяулым

2-орын иегерлері - ОМГ-ның Oidariya дебат клубының “Импульс” фракциясы:
- Жұмақан Милана
- ⁠Абилов Алихан
- ⁠Пак Марина

3-орын иегерлері - ОМГ-ның Oidariya дебат клубының “Желсіз түнде жарық ай” фракциясы:
- Абрахманова Медина
- ⁠Зайдуллаева Арайлым
- ⁠Исабекова Аружан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →