×

Мемлекеттен үй жанынан дүкен ашуға несие беріледі

Мемлекеттік қолдау шаралары 4 түрлі мақсатқа бағытталған

Мемлекеттен үй жанынан дүкен ашуға несие беріледі
Фото: ашық дереккөзден

Осы айдан бастап Сауда және интеграция министрлігі ішкі сауда субъектілерін жаңарту үшін мемлекеттік қолдау шараларын көрсете бастайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ОКҚ-да өткен брифингтегі сөзінше мемлекеттік қолдау шаралары 2 түрлі тәсіл арқылы көрсетіледі: біріншісі – несие мөлшерлемесін субсидиялау; екіншісі – несиеге кепіл беру. 

Жалпы мемлекеттік қолдау шаралары 4 түрлі мақсатқа бағытталған.

  • сауда базарларын жаңғырту үшін;
  • сауда объектілерін салу, кеңейту, реконструкциялау үшін;
  • үй жанынан дүкен салу үшін;
  • осы салада IT бағдарламалар жасау үшін.

«Бұл бағдарламаға еліміздегі 3 мегаполис Астана, Алматы, Шымкент қалалары және елдегі ойын-сауық орталықтары қатыса алмайды. Сондай-ақ бағдарламаның шарты бойынша сауда нысандарына қатысты жобаларын облыс орталықтарында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерге берілетін сома 3 млрд теңгеден аспайды. Ал, жобаны моноқалаларда немесе ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратындар үшін берілетін сома 1,5 млрд теңгеден аспайды», - дейді ол.

Несиеге кепіл жетпеген жағдайда ішкі сауда нысандары осы бағдарламаның несиеге кепіл болу тетігін қолдана алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол жалған құжаттар жасап, 68 темір тұлпарға мемлекеттік нөмір таққан
Еңбек адамдары жастарға алғыстарын білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →