×

Air Astana бүгін Шымкенттен Жиддаға алғашқы тікелей рейсін аттандырды

Жидда – Сауд Арабиясындағы көлемі жағынан екінші қала және оның «экономикалық астанасы»

Air Astana бүгін Шымкенттен Жиддаға алғашқы тікелей рейсін аттандырды
Фото: Qaz365.kz

Air Astana 1 қазанда Шымкенттен Жиддаға алғашқы рейсін орындады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әуекомпания 2024 жылғы 1 қазанда Шымкенттен Жиддаға (Сауд Арабиясы) алғашқы тұрақты рейсті жүзеге асырды. Биылғы жылдың 31 қазанына дейін аптасына 2 рейс жүзеге асырылады. Ал 31 қазаннан бастап Шымкент-Жидда бағытындағы бір жиілігі жаңа Шымкент-Медина бағытына ауыстырылады.

Бұл сапар бизнес-кластағы 16 орны және эконом-кластағы 132 орны бар Airbus A320 жайлы заманға сай әуе кемесімен орындалады. Алғашқы рейстерге жүктеме 90% құрайды.
Шымкент-Жидда мен Шымкент-Медина рейстерінің ұшу ұзақтығы – 5 сағат 35 минут.

Шымкент-Жидда бағыты бойынша барлық алымдармен екі жаққа да авиабилеттердің ең төменгі құны 301 208 теңгеден, Шымкент-Медина бағыты бойынша 308 050 теңгеден басталады.

Қазақстан азаматтары Сауд Арабиясына сапар алдында электрондық виза (https://visa.visitsaudi.com/) алуы қажет.

«Шымкенттен Жиддаға бірінші рейспен ұшып жатырмыз. Бізге нәсіп еткен. Алматыдан ағайын-туысқандарымыз ұшып жатыр ғой. Бірақ өзіміздің Шымкент қаласынан барған өте тиімді. Жидда қаласына тікелей ұшқанымызға қуаныштымыз. Мен өзім Ұмра қажылығына бірінші рет бара жатырмын. Сәттілік болсын. Жаңа рейстің ашылғанына қариялар мен ата-әжелер дән риза. Барлығына жақын жерден өте тиімді», – дейді кіші қажылыққа бара жатқан Ұлықпан Аманұлы.

Сондай-ақ Арафат Мақсұтова да Умраға екінші рет аттанып барады. 

«Ұл-қыздарым, немерелерім жіберіп отыр. Бірінші рет барғанда Түркістаннан бардық. Міне осы жолы өзіміздің Шымкенттен барамыз. Бәріне рахмет, аман-есен барып келейік. Жақсы ниетімізді Алла қолдасын. Мына Сауд Арабиясына ашылған жаңа рейс бәрімізге өте тиімді. Бәрі жақсы ұйымдастырылған екен, ұшаққа отырып- түскенімізді ойластырып, суымызды да беріп, сөмкелерімізді ұстатып, барынша көмектесіп жатыр. Сондықтан көңіл-күйіміз де, жалпы жағдайымыз да өте жақсы. Енді умраға баратындар саны артады деп ойлаймын. Осылай жасап жатқаны халық үшін ыңғайлы әрі дұрыс болды. Осы үшін алғыстан айтар басқа тілегіміз жоқ. Жұртымыз аман, заманымыз тыныш болсын!», – деді ол.

Жидда – Сауд Арабиясындағы көлемі жағынан екінші қала және оның «экономикалық астанасы». Жидда көрікті жерлерге, соның ішінде король Факх субұрқағына, ескі Әл-Балад қаласына, қызықты базарлар мен Қызыл теңіз жағажайларына бай. Жидда Меке қаласынан жүрдек пойызбен бір сағат қашықтықта орналасқан.

Мәдина – мұсылмандардың Меккеден кейінгі екінші қасиетті қаласы. Пайғамбар мешіті ислам дінінің Меккедегі әл-Харам мешітінен кейінгі екінші киелі орны болып саналады. Қалада басқа да көптеген мешіттер, мұражайлар, сауда орталықтары мен мейрамханалар бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тамырдан жасалған туындылар шығысқа келген туристерді тамсандырды
Бүгін, 15:54

Тамырдан жасалған туындылар шығысқа келген туристерді тамсандырды

Туындыны жасауға 1 жылға жуық уақыты кеткен
Темір арба арнайы электр құрылғымен жабдықталған
Биылғы күзгі науқанда армияға 20 мынан астам қазақстандық шақырылды.
Концертті жергілікті және шетелден арнайы келген қонақтар тамашалауда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →