×

«Жошы Ұлысын ұлықтау жорығы»: Қарағанды облысында республикалық тарихи-этнографиялық экспедициясы өтті

Жошы Ұлысының тарихына қатысты ескерткіштерді сақтау, зерттеу, насихаттау мақсатында өткізілген экспедиция көне Тараздан бастау алды

«Жошы Ұлысын ұлықтау жорығы»: Қарағанды облысында республикалық тарихи-этнографиялық экспедициясы өтті

Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай 2024 жылдың 20 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында «Талас-Ұлытау-Сарайшық» атты республикалық тарихи-этнографиялық экспедициясы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап айтқандай: «Алты ғасыр бойы жошылықтар Орталық Еуразия тағдырында шешуші рөл атқарды, кең аумақта біртұтас өркениеттік қауымдастық құруға ұмтылды. Жошы Ұлысы Рим империясы сияқты, Ұлы Дала мемлекеттері мен халықтары үшін көптеген ғасырлар бойы даму стандарттарын белгілеп, мемлекеттік басқаруды сапалы жаңа деңгейге көтерді. Әлемнің Алтын Орданы қабылдауы Қазақстанмен тығыз байланысты болуы өте маңызды» деп атап өтті.

Жошы Ұлысының тарихына қатысты ескерткіштерді сақтау, зерттеу, насихаттау мақсатында өткізілген экспедиция көне Тараздан бастау алды. Экспедицияның қасиетті Тараз жерінен  басталуы тегін емес. Себебі, ол өңір Жошы Ұлысының қалыптасуына  тікелей байланысы бар. Олай дейтініміз Талас өзені бойында алғашқы құрылтайдың өтуі маңызды шешім болған еді. Міне, содан бері талай тарихқа куә болып келе жатқан бұл өңірдің қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуындағы тарихи салмағы артпаса кеміген емес. Олай болса, экспедицияның бастауы Тараз даласынан басталуы заңды құбылыс.

Сонымен қатар экспедиция маршруты бойынша, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстарында болып, Жошы Ұлысының тарихымен байланысты археологиялық, архитектуралық, мемориалдық нысандардың қазіргі жағдайына бақылау жүргізілді, әр облыста жергілікті тарихшы-ғалымдар, археологтармен кездесіп, пікір алмасып дөңгелек үстел өткізіліп, туристік бағыттарды дамыту бойынша ұсыныстар айтылды. Одан бөлек жүріп өткен жерлердің фото, бейне, аудио форматта танымдық ақпараттық өнімдер дайындалып, ғалымдар, тарихшылар мен мамандардың сұхбаты негізінде түсірілген деректі фильм көпшілікке ұсынылатын болады.

«Жалпы бұл экспедиция Жошы Ұлысы мен Алтын Орда дәуіріндегі Қазақстан тарихи ескерткіштерін насихаттауға  мүмкіндік бергенін ерекше атап өтуіміз керек. Осылайша 11 күнде, 7 мың шақырым жолды артта қалдырған экпспедиция сапары Жошы ханның кесенесі орын тепкен Ұлытау жерінде түйінделді. Бүгін Астанамыздың төріндегі Ұлттық музейде тарихи ұлы сапарды сіздермен қорытындылауға жиналып отырмыз», - деп  кіріспе сөзін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жұмакенов Еркебұлан Қайроллаұлы бастады.

Экспедицияға қатысқан мамандар да экспедициядан алған әсерімен, ұсыныстарымен, сырлы естеліктерімен бөлісіп, Жошы Ұлысының тарихына қатысты тың мәліметтермен бөлісіп, пікір алмасты. 

Профессор, белгілі археолог Елеуов Мадияр: «Әйгілі Жошы Ұлысының құрылған жерінен бастап, астанасына дейін көріп, аралап, жүріп көрдік. Жалпы ортағасырлық ескерткіштердің тарихи маңызын зерттеу арқылы көптеген ақтаңдақтардың бетін ашамыз. Экспедицияның басты идеясы да осы еді, демек, бұл тұрғыда мақсатына жетті. Мен өз тарапымнан осы экспедицияның қорытындысы ретінде өз келесі ұсыныстарымды айтқым келеді:

  1. Экспедиция тек Қазақстан аумағын ғана емес, алыс-жақын шет елдік сандарды да қамтитын халықаралық дәрежедегі іс-шараға айналдыру керек;
  2.  Экспедиция құрамын әр сала мамандарының өкілдерімен, мысалы, этнография, мәдениет, өнер саласындағы білікті мамандарды да тарту керек», - деп пікір білдіріп, ұсыныс айтты.

«Жошы Ұлысының тарихы жалы сөз болғанда Жібек жолының бойында тұрған ортағысырлық қалаларды айналып өте алмаймыз. Мәслен біз атбасын тіреген Қышқала қалашығы тікелей Жошы ұрпақтары билеген уақытта теңге бастырып, сауда- экономикалық қатынастары дамыған мәдени орталықтардың бірі болған. Осы қатарға Сыр бойында тұрған Сығанақ, Жент, Жанкет сынды тарихи нысандарды қосуға болады. Ендігі жерде осы ескерткіштерді кешенді зерттеуді, оны туристік нысан ретінде дамытудың жолдарын жетілдіруді ұсынамыз», – деді Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының бас маманы, белгілі археолог Талеев Дөкей Әбдікәрімұлы.

«Экспедицияның ұйымдастырылуы қте жоғары деңгейде өтті. Барлық қатысушылары мен жетекшілік еткен, қолдау көрсеткен ұйымдарға үлкен алғысымды білдіремін», – деді Қарағанды өңірінің өлкетанушысы, Жошы ұрпағы, Төре руынан тараған Алтынов Асылбек Аманжолұлы.

«Мен Қазақастан аумағында Жошы Ұлысының осынша көлемдегі тарихи нысандарының бар екенін оқып, біліп жүрсем де оны көзбен көріп, жаныңмен түйсінудің жөні бөлек екен! Қазақстандың ағайынды тағы да Жошы Ұлысының тарихын ұлықтау жолындағы қажырлы еңбектеріне жеміс тілеймін», – деді Бауырлас Түркия елінен келген қонағымыз, археолог Чобан Аккаял Гүлшах.

 Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетінің қауымдастырылған профессоры, PhD доктор, тарихшы Смағұлов Нұртас Бірлікұлы: «Жошы Ұлысның құрылуы және оның Евразия тарихындағы маңызы зор. Жошы Ұлысының құрылуы қазақ мемлекеттілігінің бастауы. Сондықтан ұлыстың 800 жылдығы еліміздің тарихы үшін саяси идеологиялық мән-мазмұны терең. Оны ұлықтау бүгінгі ғылыми-саяси зиялы ортаның өткен алдындағы борышы», деп экспедицияның рухани-мәдени маңыздылығын баяндады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →