×

Референдум күні Шымкентте қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді

6 қазан күні шаһар тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүреді

Референдум күні Шымкентте қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді

Референдум күні Шымкентте қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елімізде 2024 жылғы 6 қазанда атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты республикалық референдум өтетіні белгілі. Осыған орай азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін Шымкент қаласында 6 қазан күні барлық бағыттағы қоғамдық көліктер жолаушыларға тегін қызмет көрсетеді. 

Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 6 қазан күні шаһар тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүреді. Нақтырақ айтқанда, 1 мыңға тарта қоғамдық көлік 80 бағытта жолаушы тасымалдаумен айналысады. 

Аталған игі іс тасымалдаушы компаниялар тарапынан 2024 жылы 6 қазанда өтетін республикалық референдумды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Осы күні таңертеңнен кешке дейін қала аумағында кез келген азамат қоғамдық көлікпен тегін жүре алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Танымал нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаевтың елден кеткені рас па
Кеше, 21:28

Танымал нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаевтың елден кеткені рас па

Мешіт саламын деген азаматтар көмектессе - халық игілігіне жарайтын мықты клиника жасаймыз
Ол бұған дейін «Тұрсыновфильм» ЖШС аясында Ермек Тұрсыновтың серіктесі болғаны анықталды.
Іс бойынша екінші айыпталушы – Ләззат Көккөзова сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →