×

Ұлттық паркте Тянь-Шаньның қоңыр аюлары фототұзаққа түсті

Түз тағысы сүтқоректілер санатына жатады

Ұлттық паркте Тянь-Шаньның қоңыр аюлары фототұзаққа түсті
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар әлемә комитеті

Тянь-Шань қоңыр аюлары Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде фототұзаққа түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тянь-Шаньның қоңыр аюлары камера тұзағына түсті. Түз тағысы Халықаралық Қызыл кітапқа және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілгені белгілі.

«Бұл сүтқоректілер санатына жатады және қорықта теңіз деңгейінен 1500-3500 метр биіктікте кездеседі. Аюдың денесінің ұзындығы 1,5-2,2 м, салмағы 135-200 кг болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Бұған дейін қар барысы Маңғыстауда фототұзаққа түскені хабарланған болатын.

2024 жылдың қаңтарында Маңғыстауда сирек кездесетін ақ қасқыр фототұғырға түскен. Мамыр айында қар барыстары Алматы облысында көрінді.

Шілде айында ШҚО-да қар барысы кадрға ілінді.

Қыркүйек айының басында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануар — манул тіркелді.

17 қыркүйекте сирек кездесетін азиялық барыс Маңғыстау облысының Үстірт қорығындағы фототұзақ объективіне ілінді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →