×

Алматыда 5 мыңнан астам кәсіпкерлік нысанды төлқұжаттау қажет

Төлқұжаттаудың негізгі міндеті – кәсіпкерлерге іргелес аумақтарды көріктендіру бойынша жауапкершілік шегін анықтау

Алматыда 5 мыңнан астам кәсіпкерлік нысанды төлқұжаттау қажет
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасыжәне жаңа көріктендіру ережесі аясында қалалықнысандарды төлқұжаттау басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Төлқұжаттаудың негізгі міндеті – кәсіпкерлерге іргелес аумақтарды көріктендіру бойынша жауапкершілік шегін анықтау.

Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, барлығы 5 590 кәсіпкерлік нысанды төлқұжаттау қажет. Қазір мыңға жуық кәсіпкер төлқұжатқа қол қойды. Төлқұжаттау жұмыстары келесі жылдың сәуір айында аяқталады.

Әрбір бизнес субъектісі көріктендіру төлқұжатын алуға және іргелес аумақты тиісті жағдайда ұстауға міндетті. Бұл меншік нысанына қарамастан барлық қатысушы үшін жауапкершілік жүктейді.

Аумаққа жауапты субъектілерге жеке және заңды тұлғалар, ПИК, МИБ, ҚС, сондай-ақ ғимараттардың меншік иелері және жерді уақытша немесе тұрақты пайдалану құқығы бар тұлғалар жатады.

Төлқұжат кәсіпкерлердің іргелес аумақтарды және нысандардың қасбетін тиісті жағдайда ұстаумәселесіндегі әлеуметтік жауапкершілікті арттырады.

Ғимараттардың және құрылыстардың иелері қасбеттердің уақтылы жөнделуі мен сырлануына, олардың тиісті күтіп ұстау мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ қасбеттердегі ескерткіш тақталарды, көше көрсеткіштерін (тұйық көшелер мен алаңдарды қосқанда), нөмірлік белгілерді, маңдайшаларды және ақпараттық тақталарды таза әрі жарамды жағдайда ұстауға тиіс.

Тағы бір маңызды нәрсе – қыс кезінде ғимараттар мен құрылыстардың иелері қар мен мұзды шатырдан тазарту жұмыстары басталғанға дейін тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың иелерін 24 сағат бұрын хабардар етуге міндетті.

Сауда ұйымдарынан коммуналдық қалдықтыаталған нысандардың меншік иесі немесе ҚР заңнамасына сәйкес, қалдық шығару қызметімен айналысатын ұйыммен жасалған шарт негізінде шығарылады.

Жөндеу жұмыстары кезінде пайда болған қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға сол жұмысты жүргізген тұлғалар өздері шығарады. Жөндеу кезінде шыққан қалдықтарды уақытша қалдық сақтау орындарына немесе контейнер алаңдарына тастауға тыйым салынады.

Егер қалдық өндірген адам өзінің жер телімінде не ғимаратында жалдау немесе басқа келісім негізінде өз бетімен қалдықтарды жинамаса, шығармаса және кәдеге жаратпаса, бұл міндеттер аталған жылжымайтын мүлік нысандарының иелеріне жүктеледі.

Аумақтан тыс жерлерге қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды төгуге және өндіріс қалдықтарын көшеге шығаруға тыйым салынады. 

"Almaty Business Development Company" Алматы қаласының бизнесті дамыту компаниясы" ЖШС Алматы қаласында инвестициялар тарту және инвесторларды сүйемелдеу саласындағы өңірлік ұйым болып табылады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Компания "бір терезе” қағидаты бойынша Алматы қаласында инвестициялар тарту және инвесторларды сүйемелдеу саласындағы қызметті жүзеге асырады. Компания қала экономикасының басым салаларына инвестициялар тартады, қаржыландырудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламалары бойынша консультациялар береді, сондай-ақ инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеуді жүзеге асырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →