×

«АПВ – коронавирус не тұмау сияқты байқалмайды»: Саурандық дәрігер өз кеңесін айтты

Адам папиллома вирусы – әлемдегі ең көп таралған вирус

«АПВ – коронавирус не тұмау сияқты байқалмайды»: Саурандық дәрігер өз кеңесін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Сауран ауданына қарасты Бабайқорған ауыл округі ауруханасының жалпы тәжірбиелі дәрігері Дана Әнуарбекова Адам папиллома вирусына қатысты кеңесін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Адам папиллома вирусы – әлемдегі ең көп таралған вирус. Оның алуан түрі бар. Қазірге дейін зерттелген штамдарының өзі 200-ден асады.

Оның сөзінше адам папиллома вирусының қауіпті түрі – 16 және 18-типтегі вирус. Мұндай онкогенді вирустар жатыр мойны мен вульвада, ер адамның жыныс мүшесі мен шырышты қабаты бар басқа да органдарында обыр ауруын туғызады.   Адам папиллома вирусының тағы 10 түрі қауіпсіз ісік шақырады. Штамдардан сүйел, кондилома, респираторлық папилломатоза пайда болады. Вирус байланыс арқылы жұғады. Заттардың беткі қабатында ұзақ өмір сүре алмайды. Сондықтан көбіне жыныстық жолмен тарайды. Адам папиллома вирусы емдеуді қажет етпейді. 

«Бұл ауру коронавирус не тұмау сияқты байқалмайды. Адамның иммун жүйесі антидене түзеді, 1,5-2 жылда ағза вирусты жеңіп шығады. Бірақ адам папиллома вирусының кей штамдарына иммун жүйесінің шамасы жетпейді. Қатерлі ісікке айналмай тұрып, вирус көп жыл бойы жасушада өмір сүре беруі мүмкін. Ұзақтығы иммун жүйесіне байланысты. Ғылыми тұрғыда дәлелденген жалғыз жолы – вакцина салғызу. Екпе вирус салдарынан туған қатерлі ісіктен немесе басқа да аурулардан емдемейді. Кез келген вакцина сияқты бұл да – алдын алу шарасы. Балаларға бірінші жыныстық серігі пайда болғанша, 9-11 жасқа дейін салады. Жыныстық серігіңіз көп болған сайын, адам папиллома вирусын жұқтыру ықтималдығы арта береді. Екпені 45 жасқа толмаған кез келген адам салғыза алады. Вакцина вирустан 8-10 жылға қорғайды. Кейін тағы салу керек. Екпе салдырған адамның өзі жылына бір рет гинекологқа қаралып тұруы керек. Әр төрт жыл сайын скринингіден өту қажет», – деді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →