×

Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері тұрғындарды «дабыл чемоданын» жинауға шақырды

Дабыл чемоданы - экстремалды жағдайларда аман қалуға арналған заттардың базалық жиынтығы

Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері тұрғындарды «дабыл чемоданын» жинауға шақырды
видеодан скриншот

Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкіністері Қазақстанда да жер сілкінісі қаупі бар аймақтардың бар екенін және өзіңді сақтандырудың артық етпейтінін еске салды. Осыған орай Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері «дабыл чемоданын» жинау бойынша бейне жадынама дайындады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дабыл чемоданы бұл - құтқарушылар келгенге дейін немесе жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және т. б. төтенше жағдай аймағынан қауіпсіз эвакуацияланғанға дейін экстремалды жағдайларда аман қалуға арналған заттардың базалық жиынтығы.

“Біз сейсмикалық аймақта тұратынымызды ескере отырып, бүгіннен бастап дабыл чемоданын дайындау қажет. Оның ішінде ақша, құжаттар, дәрі қобдишасы, бір адамға тәулігіне 3-4 литр есебінде су, консервілер, жоғары калориялық тағам, жеке гигиена құралдары, жылы киім, көрпе, радиоқабылдағыш, фонарь, сіріңке, құралдар және ысқырық болуы қажет”, – делінген бейне жадынамада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады
Бүгін, 11:07

Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады

Қарағұсова бұл миссияның оның өміріндегі ерекше маңызын атап өтті.
Елімізде жыл сайын 1 қазан – Халықаралық қарттар күні аталып өтеді
Зерттеу нәтижесі жастардың ел дамуына қосар үлесін айқындады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →