×

Вакцинация жатыр мойны обырынан қорғайды – саурандық дәрігер

ДДҰ онкологтардың ұсыныстарына сәйкес 11-14 жас аралығындағы қыз балаларды иммундау ересек жасқа қарағанда тиімді

Вакцинация жатыр мойны обырынан қорғайды – саурандық дәрігер
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы, Сауран аудандық емханасына қарасты «Жібек Жолы» дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Жадыра Қабылқызы Адам папиллома вирусына қатысты кеңесімен бөлісті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Адам папиллома вирусы шырышты қабаттардың эпителийіне әсер ететін өте кең таралған вирустар тобы. Оның 14 түрі онкогенді, яғни онкологиялық аурулардың дамуына әкеледі.

Оның сөзінше, көптеген адамдарды АПВ алаңдатпайды, бірақ кейбір папиллома вирустар сүйелдерге немесе қатерлі ісікке әкелуі мүмкін. Жатыр мойны обырының дамуы әйелдің адам папиллома вирусын жұқтыруымен байланысты, бұл туралы көптеген ғылыми дәлелдер бар. 

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 95%-дан астам жағдайда жатыр мойны обырын адам папилломавирусы тудырады. Жатыр мойны обырының 70%-ы АПВ-ның екі түрлі вирус штаммдарынан туындайды. АПВ бар әйелдерде жатыр мойны обырының даму ықтималдығы АПВ жоқ әйелдерге қарағанда 6 есе жоғары. Әлемде жыл сайын 600 мың әйелде ЖМО анықталады және одан 340 мың әйел қайтыс болады, ал Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, бұл аурудан 600-ден астам әйел қайтыс болады. Қазақстанда жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейінгі әйелдерде онкологиялық аурулардың таралуы бойынша екінші орында тұр»,- дейді дәрігер.

Папиллома вирусы адамнан адамға тұрмыстық байланыс және жыныстық қатынас арқылы берілуі мүмкін. Қазақстанда 2024 жылдың 3 тоқсанынан бастап қыздарды вакцинациялау басталды. Адам папиллома вирусына қарсы вакцина Ұлттық егу күнтізбесіне енгізіледі, вакцинация 11 жастағы қыздарға балаларды вакцинациялауға ата-анасының келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Бұл жас ДДҰ, онкологтардың ұсыныстарына сәйкес таңдалған, себебі 11-14 жас аралығындағы иммундау ересек жасқа қарағанда тиімді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әйгілі Дәрібаевтар ансамблін құрған Ибрагим Дәрібаев өмірден өтті
Бүгін, 12:38

Әйгілі Дәрібаевтар ансамблін құрған Ибрагим Дәрібаев өмірден өтті

Қаралы хабарды белгілі композитор Бекжігіт Сердәлі жеткізді
Көрмеге ағаштан, металдан, тоқыма бұйымдарынан жасалған өнімдер қойылды
Ешкім біреудің жеке ақпаратын таратуға, өзге адамдарды қорқытуға қақысы жоқ
Дана Нұржігіт жарты жыл депрессияда жүргенін айтқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →