×

Дұрыс тамақтанудың адам ағзасына маңыздылығы қандай – саурандық дәрігер жауап берді

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану

Дұрыс тамақтанудың адам ағзасына маңыздылығы қандай – саурандық дәрігер жауап берді
Фото: gov.kz

Түркістан облысы Сауран аудандық емханасына қарасты «Жібек Жолы» дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Жадыра Қасым дұрыс тамақтану туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дұрыс тамақтану адамның дұрыс өсуін және ағзаның дамуын, сонымен қатар денсаулықтың сақталуын, жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етіп, адам өмірінің ұзақтығына әсерін тигізеді

Оның сөзінше, адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

«Соңғы жылдары өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты жұқпалы емес алиментарлық аурулар, жүрек-қантамыр, диабет, семіздік, анемия және тағы басқа аурулар жасаруда. Ұзақ өмір сүру үшін, жас ұрпақтың дұрыс дамып өсуі үшін дұрыс тамақтанудың маңызы ерекше. Адам ағзасына әсер ететін көптеген сыртқы ортаның факторларынан тамақтану ең маңыздысы болып табылады. Дұрыс тамақтанудың ағзаның энергетикалық шығынын толықтырып, керекті дәрумендермен қамтамасыз етуі тиімді болып саналады және емдік маңызы да аса үлкен. Өйткені тамақтанудың сипатын өзгертіп, ағзадағы зат алмасуын реттеп, жүріп жатқан ауруға белсенді әсер етеді. Диеталық тамақтану әр түрлі созылмалы ауру құбылыстарының қайталанбауын, асқынуының алдын алуда маңызды рөл атқарады, әсіресе емдеу профилактикалық мекемелерінде», – деді дәрігер.

Айта кетсек, дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →