ЖИТС – ағзаның инфекциялар мен қатерлі ісіктермен күрес жүргізуге кедергі келтіретін жұқпалы ауру
ЖИТС – ағзаның инфекциялар мен қатерлі ісіктермен күрес жүргізуге кедергі келтіретін жұқпалы ауру, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Түркістан облысында АИТВ, ЖИТС инфекцияларының алдын алу орталығының мамандары сауда орталықтарында аталған инфекцияның алдын алу жолдары мен сақтану шаралары жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мамандардың сөзінше АИТВ инфекциясы анықталған жағдайда тез арада дәрігердің қабылдауында болып, арнайы ем алуды бастаған дұрыс. Соңғы жылдары АИТВ инфекциясының көп жағдайда жыныстық жолмен таралуына байланысты, АИТВ жұқтыру мүмкіншілігін ешкім жоққа шығара алмайды, сондықтан репродуктивті жастағы азаматтар әлеуетті қауіп аймағында тұр.
ЖИТС – ағзаның инфекциялар мен қатерлі ісіктермен күрес жүргізуге кедергі келтіретін жұқпалы ауру. Сонымен қатар, ЖИТС нәтижесінде жиі психикалық және неврологиялық ауруларды тудыратын орталық нерв жүйесі зақымданады. АИТВ-ерекше вирус, себебі, адам көп жылдар бойы жұқпалы ауруға шалдыққанмен, дені сау болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, вирус ағзаның ішкі жағында ағзаның иммундық жүйесінің бір бөлігі болып табылатын қанның жасушаларын бұза отырып, біртіндеп өрши бастайды. Егер адам жұқпалы ауруға шалдықса, онда ЖИТС тез таралмайды. Вирус адам ағзасында аурудың қандай да болмасын белгілері білінбегенше, он жыл және одан да көп жылдар бойы болуы мүмкін.
Айта кетейік, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың негізгі жолдары – бұл мүшеқапсыз жыныстық қатынас, инъекциялық есірткіні пайдалану кезінде стерильді емес құралдарды ортақ пайдалану және АИТВ жұқтырған анадан балаға жұғуы мүмкін. Жұқтырудың басқа жолдары жоқ, сондықтан АИТВ-ны ауа-тамшылы жолы арқылы, қол алысу кезінде, ортақ ыдысты пайдалануда, бассейнде, саунада, жәндіктердің шағуы кезінде, тамақ, жемістер арқылы жұқтыру мүмкін емес.