×

АИТВ тек үш жолмен беріледі – түркістандық дәрігер

АИТВ инфекциясын емдеуге арналған ретровирусқа қарсы препараттар ағзаны вирустан толығымен арылтпайды

АИТВ тек үш жолмен беріледі – түркістандық дәрігер
Фото: ашық дереккөзден

АИТВ тек қана үш жолмен ғана берілуі мүмкін. Қан арқылы – парентеральды жол, қорғалмаған жыныстық қатынас таралады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл сұраққа Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясcауи атындағы ХҚТУ клиника-диагностика орталығының медбикесі Ұлнұр Самин жауап берді.

АИТВ инфекциясының тек осы ауруға тән айрықша белгілері мен симптомдары болмайды және ол зертханалық тексеру кезінде, атап айтқанда адамның қанын талдау кезінде анықталады.

Ұлнұр Саминнің айтуынша, бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясы – бұл созылмалы аурулар қатарында, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, емге бейімділігі жоғары болғанда өзін жақсы сезініп, жұмыс істеп, әртүрлі хоббимен айналысуы мүмкін, сондықтан тиімді ретровирусқа қарсы терапия ЖИТС сатысына өтуге жол бермей, аурудың бастапқы сатысында дамуын тоқтатуға мүмкіндік беріп отыр.

«АИТВ инфекциясын емдеуге арналған ретровирусқа қарсы препараттар ағзаны вирустан толығымен арылтпайды, бірақ олар адамның иммун тапшылығы вирусының көбеюін тоқтатады, сол арқылы аурудың дамуын толық бақылауға және асқынуларға жол бермеуге мүмкіндік береді. Емдеудің арқасында қандағы вирустың саны белгісіз деңгейге дейін төмендейді және АИТВ инфекциясы бар адамдар ұзақ өмір сүріп, жұмыс істеп, оқу оқып, отбасын құрып, дені сау баланы өмірге әкеле алады. Емдеу ерте басталса, АИТВ-мен өмір сүру ұзақтығы да ұзағырақ болады.  АИТВ ауа арқылы берілмейді, қол алысу және таяныштардан, тұтқалардан, есіктердің тұтқасынан, ажыратқыштардан, т.б. ұстау арқылы берілуі де мүмкін емес. Вирус тек қана үш жолмен ғана берілуі мүмкін: қан арқылы – парентеральды жол, қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде – жыныстық жол және жұқтырылған анадан балаға берілу – АИТВ жұқтырудың вертикальды жолы. АИТВ басқа жолдармен берілмейді. Сонымен қатар вирус масалардың шағуы арқылы берілмейді»,- деді Ұлнұр Самин.

Айта кетейік, әлемде әрбір 5 минут сайын 10 адам АИТВ жұқтырса, оның ішінде 8-і жыныстық жолмен жұқтырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әйгілі Дәрібаевтар ансамблін құрған Ибрагим Дәрібаев өмірден өтті
Бүгін, 12:38

Әйгілі Дәрібаевтар ансамблін құрған Ибрагим Дәрібаев өмірден өтті

Қаралы хабарды белгілі композитор Бекжігіт Сердәлі жеткізді
Көрмеге ағаштан, металдан, тоқыма бұйымдарынан жасалған өнімдер қойылды
Ешкім біреудің жеке ақпаратын таратуға, өзге адамдарды қорқытуға қақысы жоқ
Дана Нұржігіт жарты жыл депрессияда жүргенін айтқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →