Ауылдық жерлерде темекі шегетіндердің үлесі 22,3%, қалалық жерлерде – 20% құрады
Қазақстанда халықтың 20% темекі шегеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Зерттеу нәтижесінде сауалнамаға қатысқан үй мүшелерінің жалпы санынан қазіргі уақытта халықтың 20,7% (2023 жылы – 20,4%) немесе ерлердің – 39,8%, әйелдердің – 7,6% темекі шегеді», — делінген хабарламада.
Ауылдық жерлерде темекі шегетіндердің үлесі 22,3%, қалалық жерлерде – 20% құрады.
Өңірлер арасында темекі шегушілердің ең көп үлесі Шығыс Қазақстан облысында (27,6%) тіркелді.